Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Қазақстанның 6 Елшіліктерін құрды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірнеше дипломатиялық миссияларын елшіліктерге қайта құру туралы жарлықтарына қол қойды.

Осылайша:

Қазақстан Республикасының Белград қаласындағы (Сербия Республикасы) дипломатиялық миссиясы Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Елшілігіне;

Қазақстан Республикасының Братислава қаласындағы (Словак Республикасы) дипломатиялық миссиясы Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы Елшілігіне;

Қазақстан Республикасының Лиссабон қаласындағы (Португалия Республикасы) дипломатиялық миссиясы Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы Елшілігіне;

Қазақстан Республикасының Рига қаласындағы (Латвия Республикасы) дипломатиялық миссиясы Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Елшілігіне;

Қазақстан Республикасының Таллинн қаласындағы (Эстония Республикасы) Консулдығы Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Елшілігіне;

Қазақстан Республикасының София қаласындағы (Болгария Республикасы) Дипломатиялық миссиясы Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы Елшілігіне қайта құрылды.


Қосылған : 18.07.2019, 16:10, Өзгертілген : 18.07.2019, 16:10