Польшаның Катовице қаласында салтанатты түрде Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығы ашылды

2019 жылғы 14 мамырында Силезия воеводствосы және Польшаның оңтүстік аймағында орналасқан, ғылым, мәдениет, өнеркәсіп, бизнес, сауда және көлік орталығы, сондай-ақ Жоғарғы Силезия индустриалды аймағындағы негізгі қала болып табылатын Катовице қаласында Қазақстанның Құрметті консулдығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Катовице - Польшаның ірі көмір-металлургиялық, болат және сауда-көрме орталығы.

Іс-шараға Силезия және Лодзь воеводстволары әкімшіліктерінің өкілдері, Польша Сыртқы істер министрлігінің жоғары деңгейлі өкілдері, Катовице қаласының Президенті М.Крупа, Польша парламентінің мүшелері, Польшадағы шетелдік дипломатиялық корпустың өкілдері, құрметті консулдар, поляк іскерлік және қоғамдық топтарының және БАҚ өкілдері (жалпы 250 адам шамасында) қатысты.

Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшісі Марғұлан Баймұхан консулдық патентті Құрметті консул Артур Низиолға ұсынып, оның болашақтағы Қазақстан және Силезия мен Лодзь воеводстволарының арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың негізгі басымдықтарын белгіледі. Бұл аймақтар елеулі инвестициялық әлеуетке ие және тау-кен өнеркәсібі, химия, машина жасау, энергетика, ауыл шаруашылығы, туризм сияқты салаларда дамудың жоғары қарқынын көрсетеді. Бұл салалар Қазақстан мен Польша арасындағы экономикалық әріптестіктің басымдықтарының бірі болып табылады.

Польша СІМ Протоколы басшысының орынбасары Павел Стащиковски соңғы жылдары Қазақстан мен Польша арасындағы саяси және экономикалық ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Қазақстанның Польшадағы Катовице қаласындағы Қазақстанның Құрметті консулдығынның құрылуы (Польшада төртінші сондай мекемесі) Орталық Азия аймағындағы Варшаваның басты серіктесі болып табылатын елімізбен өзара тиімді қарым-қатынастарды тереңдетуге ықпалын тигізеді.

Қазақстанның Катовице қаласындағы Құрметті консулы Артур Низиол – «Grupa Uniserv» ірі компаниясының иесі болып табылады. Grupa Uniserv энергетика, жылу, химия және тау-кен өнеркәсібі, қара және түсті металлургия, шыны өндірісі, цемент және мұнай-химия салаларында ірі өнеркәсіптік клиенттерге қызмет көрсетеді. Артур Низиол өз сөзінде Қазақстанды Польшада танымал ету, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын қорғау, елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және инновациялық ынтымақтастықты нығайту үшін бар күш-жігерін салатынына сендірді.

Құрметті консулдығының ашылу салтанаты аясында Катовице қаласындағы Силезия филармониясында Қазақстан туралы бейнероликтер ұсынылып, «Les Femmes» оркестрі өнерін ортаға салды. Іс-шара барысында Қазақстанның Польшадағы Елшісі Марғұлан Баймұхан және Құрметті Консулы Артур Низиол жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен қазақстан-поляк қарым-қатынасы тақырыбында пресс-конференция өткізіп, сұхбат берді.
Қосылған : 14.05.2019, 15:40, Өзгертілген : 14.05.2019, 15:40