Наурыз құтты болсын!

24 наурызда Польшада қазақ диаспорасы мен қазақстандық студенттер көктем мерекесі - Наурызды бірге атап өтті. Мереке Варшавада, Краков пен Люблинде атап өтілді. Іс-шараны Қазақстанның Польшадағы Елшілігі және Варшавадағы (Ежи Старак) және Краковтағы (Вислав Халуха) Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығының қолдауымен Польшада тұратын қазақ қоғамының өкілдері ұйымдастырды.

Варшавада да, Краковта да қонақтар Қазақстанға мәдени саяхат жасап, біздің ұлттық тағамдардан дәмін тәтті. Іс-шаралар қазақ ұлттық музыка, ұлттық билер мен әндер, ойын-сауық және байқауларымен бірге өткізілді.

Қосылған : 26.03.2018, 09:05, Өзгертілген : 26.03.2018, 10:00