Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Екі ел арасында білім беру саласындағы байланыстар кеңеюде. Бұған серпін ретінде Білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы Үкіметаралық келісімнің 2016 жылғы 6 маусымда күшіне енуі. Қазіргі кезде Польша жоғары оқу орындарында 780-нен астам Қазақстан студенттері білім алуда.

2018 жылдың 17-18 сәуірінде Варшавада екіжақты қарым-қатынас тарихында тұңғыш рет Елшіліктің көмегімен ғылым мен жоғары білім туралы Қазақстан-Польша форумы өтті. Оның жұмысына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы А.Орсариев және Қазақстан жоғары оқу орындарының ректорлар кеңесінің төрағасы, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, Е. Садықов бастап келген Еліміздің жоғары оқу орындарының ректорларының үлкен делегациясы қатысты.

2018 жылдың 27 наурызында Варшава университетінің Шығыстану факультетіне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің А.Байтұрсынов атындағы Лингвистика институтының директоры Е.Қазыбек келді.

2018 жылдың 15 маусымында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының 25 жылдығына арналған мерейтойлық конференция жұмысына Варшавадағы М. Карп атындағы Шығыс зерттеулер орталығының жетекші зерттеушілері И.Дарчевская және П.Жоховский қатысты.

Мәдениет саласындағы маңызды өзара бастамалары екі елдің танымал шығармашылық ұжымдары мен орындаушыларының қойылымдарымен алмасуы болып табылады. 2016 жылдың қараша айында Варшава және Вроцлав опера театрларында «Астана балеті» қазақ театры труппасының концерттері өтті. Өз кезегінде, 2015 жылдың қазанында Қазақстанның астанасында Польшадан танымал опера әншісі Катаржина Мацкевич, ал 2017 жылдың қыркүйегінде поляк операсы және поляк әскерінің симфониялық оркестрінің концерті өтті.

2018 жылғы 16-17 маусымда Польшаның Мазовецк воеводствосының Ломянка қаласында қазақстандық мүгедектер арбасындағы спорттық би бойынша халықаралық рейтингілік жарысқа қатысты.

2018 жылғы 19-30 маусымда Ақмола облысының «Шалқыма» халық ансамблі «Folk Harbor – Gorzow 2018» Горжув және Познань поляк қалаларында өткен ХХV халықаралық би фестиваліне қатысты.

Екі елдің әдебиет классиктерінің шығармалары қазақ және поляк тілдерінде жарық көрді. Ынтымақтастықтың маңызды бөлігі - біздің мемлекеттеріміз арасындағы «қосылушы көпір» болып табылатын Қазақстанда тұратын этникалық поляктар мәселесі бойынша ынтымақтастық (Қазақстандағы поляк диаспорасы шамамен 34 мың адамнан құрайды)

.

Қосылған : 6.11.2016, 18:50, Өзгертілген : 10.09.2018, 15:30