Экономикалық ынтымақтастық

Қазақстан-Польша экономикалық ынтымақтастығын тереңдетіп дамыту бойынша жұмысы тұрақты түрде жүргізілуде. 2018 жылғы 20 маусымда Астана қаласында өткен Қазақстан-Польша экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) 8-ші отырысы жылдың орталық іс-шара болып табылады.

Көлік және транзит саласындағы ынтымақтастық.

10-13 сәуірде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитетінің төрағасы Ә.Асавбаев бастаған Қазақстандық делегацияның Польша Республикасының Инфрақұрылым министрлігі мен Жол көліктік бас инспекторатымен автомобиль жүк көлігі саласындағы поляк тәжірибесін зерделеу үшін Польшаға сапары.

2018 жылғы 20 маусымда Астана қаласында өткен Қазақстан-Польша экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) 8-ші отырысы барысында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі мен Польша Республикасының Инфрақұрылым министрлігі арасында Көлік саласында екіжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша Жол картаға қол қойылды.

«ЭКСПО-2017» және туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту. Есепті жылы Елшіліктің жұмысының басым бағыты Астанадағы ЭКСПО-2017-ге жоғары деңгейдегі Польша қатысуын ұйымдастыруға жәрдемдесуі болды. Халықаралық көрме қорытындысы бойынша, 400 шаршы метрге дейінгі поляк павильоны үздік сәулет және дизайн бойынша алтын медальмен марапатталды. Польша ЕХРО-2017-ге (ЕО елдерінің арасында Германиядан кейінгі екінші орын) келген шетелдік туристер саны бойынша 7-орынға ие болды. Астанадағы халықаралық көрмеге Польшадан 16 531 азамат қатысты.

Қазақстан Республикасының Варшавадағы Елшілігінің бастамасы бойынша біздің еліміздің мәдени және тарихи көрнекті орындары туралы ақпараттардан тұратын «Қазақстан - Евразия қақпасы» атты туристік альманахы поляк тілінде шығарылып таратылуда.

Қазақстан Республикасына поляк іскерлік миссиялары. Елшілік әзірлеген поляк билік өкілдерімен байланыстардың арқасында поляк тарабы ХІ Астана экономикалық форумының (2018 ж.17-19 мамыр), XXV Дүниежүзілік тау-кен мерейтойлы конгресіне (2018 ж.19-22 маусым, Астана), сондай-ақ ҚР-дағы аумақтық инвестициялық форумдарына қатысқан болатын.

2018 жылда Қазақстанға Польша делегацияларының басқа да маңызды экономикалық сапарларының қатарынан төмендегілерді атап өткен жөн:

- 2018 жылғы 3 – 6 сәуірде Польшаның Люблин воеводствосының маршалы (әкім) С.Сосновски бастаған делегациясының Алматы облысына сапары;

- 2018 жылғы 19 маусымда (Қазақстан-Польша экономикалық ынтымақтастық жөніндегі ҮАК 8-ші отырысының алдында) Польша кәсіпкерлерінің өкілдік делегациясы Астанадағы бизнес-форумға қатысты.

Қазақстан мен Польша арасындағы тауар айналымы. Польшаның Кәсіпкерлік және технологиялар министрлігінің мәліметі бойынша, 2017 жылы екі жақты тауар айналымы 1 млрд 242,7 млн еуроны құрады (2016 жылмен салыстырғанда - 62,6%). Сонымен қатар, Қазақстаннан импорттау 816,2 млн. еуро деңгейінде қалыптасты (59,5% - ға өсті), Қазақстанға экспорты 426,5 млн. еуроны құрады (өсім 53,6%).

2018 жылда өзара тауар айналымы 2 млрд. 248,6 млн еуро құрады (өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 81% өсті), оның ішінде қазақстандық экспорт - 1 млрд. 807,4 млн еуро, импорт Қазақстанға - 441,2 млн еуро. Қазақстаннан экспорттың айтарлықтай өсуі энергетикалық бағалардың өсуіне байланысты.

Польша мәліметтері бойынша есепті кезеңде тауар айналымының оң динамикасына үш негізгі фактор ықпал етті:

- екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастығы үшін айрықша қолайлы саяси ахуалды құрған жоғары деңгейдегі қарқынды саяси диалогы;

- тауар нарықтарындағы ахуалы мен қазақстандық теңгенің мөлшерлемесінің тұрақтандыруы;

- жүйелік кедергілерді тараптармен бірте-бірте алып тастау (тікелей ұшуды ашу, поляк азаматтарына визасыз режім енгізу, кедендік ресімдеу рәсімдерін жеңілдету, сақтандыру құралдарының спектрін кеңейту, қаржыландыруға қолжетімділікті қамтамасыз ету және т.б.).

Екіжақты сауданың құрылымы:

- Қазақстанға поляк экспорты бойынша машиналар мен механикалық қондырғылар басымдыққа ие; жемістер; электр аспаптары; фармацевтикалық өнімдер; парфюмерлік, косметикалық керек-жарақтар; лак және бояулар; сүт тағамдары;

Қазақстаннан шыққан поляктар импортының жетекші номенклатурасы:

- минералды отын, минералды майлар және олардың айдау өнімдері, битуминозды заттар, минералды балауыздар, бейорганикалық химиялық заттар, қымбат металдардың органикалық немесе бейорганикалық қосылыстары, сирек кездесетін металдар, радиоактивті элементтер мен изотоптар, май тұқымдары, дәнді және түрлі жемістер, дәрілік өсімдіктер, азық-түлік, балық, жарма.

Польша нарығына қазақстандық тауарлар мен қызметтерді жылжытуға жәрдемдесу мақсатында Қазақстан Республикасының Варшавадағы Елшілігі әлеуетті серіктестерге Польшадағы Қазақстан Республикасының экспорттық өнімдері туралы ақпарат беретін каталогы шығарылды.

Қосылған : 6.11.2016, 18:50, Өзгертілген : 7.02.2019, 16:00