Eкіжақты қарым-қатынастар

Жалпы мәліметтер

1992 ж. 6 сәуірінде дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.

1994 ж. 20 наурызында ҚР-да Польша Елшілігі ашылды.

2000 ж. қазанынан бастап Польшада ҚР-дың Елшілігі өз жұмысын бастады.

2017 ж. 7 маусымынан бастап ҚР-дың Польшадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Марғұлан Бақытұлы болып тағайындалды.

2017 ж. маусымынан бастап Польшаның Қазақстандағы Елшісі Селим Хазбиевич болып тағайындалды.

Саяси қатынастар

Қазақ-поляк қарым-қатынастарда айтарлықтай түбегейлі саяси қайшылықтар жоқ, аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, қазіргі заманның негізгі сын-қатерлерімен күресу мәселесінде негізгі тәсілдері жақын немесе дәлме-дәл болып келеді. Бұл БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі шеңберінде екі ел арасындағы тығыз ынтымақтастықтың алғышарттарын жасайды (Қазақстан 2017-2018 жж. Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі, Польша - 2018-2019 жж.)

Польша Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуінің негізгі басымдықтарын және Астана қаласында "ЭКСПО – 2017 өткізу үшін еліміздің кандидатурасын қолдады.

Ең жоғары және жоғары деңгейдегі сапарлар

Дипломатиялық қатынастар орнатылған сәттен бастап ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Польшаға 3 сапары өтті (қараша 1997 ж., мамыр 2002 ж., 2016 жылдың тамызында мемлекеттік сапар).

Мемлекет басшысының Варшавадағы сапары 2016 жылғы 22-23 тамызда Қазақстан-Польша ынтымақтастығына айтарлықтай серпін берді. Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Польша арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Президенттердің бірлескен Декларациясы қабылданды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен реадмиссия саласындағы ынтымақтастық туралы екі үкіметаралық келісімге қол қойылды.

Өз кезегінде, Польша Президенті А.Квасьневский (қазан 1999 ж.), Президент Л.Качыньский (наурыз 2007ж.) және Президент А. Дуда (2017 ж. 6-8 қыркүйегі) Қазақстанға сапарлармен келді.

Президент А.Дуданың мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы туралы Хартияға және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мен Польша Республикасының Қаржы және даму министрлігі арасында экономикалық ынтымақтастық жөнінде келісімге қол қойылды. Қазақстан-поляк бизнес-форумы өткізілді. Аталған іс-шараға поляк тарапынан 257 өкіл (оның ішінде 200-ден астам компания, сондай-ақ бес облыстың делегациясы) және 220 қазақстандық кәсіпкерлері қатысты. Нәтижесі бойынша 10 инвестициялық және сауда-экономикалық құжаттарға қол қойылды.

2018 жылдың 18 қаңтарында Польша Президенті А. Дуда Нью-Йоркте БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Қазақстанның төрағалығы шеңберінде Мемлекет басшысының қатысуымен «Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау: сенім шаралары» тақырыбы бойынша тақырыптық брифингте сөз сөйледі. Сол күні Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасы Президенттерінің екі жақты кездесуі өтті.

Поляк премьер-министрлердің ішінен Қазақстанда сапарлармен 1994 ж. қыркүйекте В.Павляк және 2003 ж. мамырда Л.Миллер болды. 2016 ж. маусымда ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықова Польшаға жұмыс сапарымен барды.

2018 жылғы 19-21 маусымда Польшаның Ұлттық қауіпсіздік бюросының басшысы П. Солох Қазақстанға сапармен келді.

Парламентаралық ынтымақтастық

Польша парламентінде Қазақстанмен парламентаралық ынтымақтастық жөніндегі тобы құрамында Сейм және Сенат депутаттары (56 мүше) бар. Қазақстан Республикасы Парламентінің екі палатасында Польшамен өзара әрекеттесу топтары бар.

2004 ж. ақпанда Польшаға ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы О.Әбдікәрімовтің жұмыс сапары өтті. Польша Сенатының Төрағасы Л.Пастушяк (сәуір 2005 ж.), Б. Борусевич (қаңтар 2006 ж.) және С.Карчевский (мамыр 2016 ж.) Қазақстанға сапарлармен келді.

2013 жылғы сәуірде Польша Республикасы Сеймінің Төраға орынбасары В.Вендерлих бастаған делегациясы Қазақстанға сапармен келді. 2014 жылғы шілдеде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасының орынбасары С.Дьяченко басқарған делегация Польшаға сапары өтті.

2014 жылдың тамызында Парламент Сенатының Заң шығару мәселелері жөніндегі Комитетінің төрағасы П.Жиэнтарскийдің Алматы және Астана қалаларына іс-сапары өтті.

2018 ж. 8-10 мамырда Польша Сенат депутаты В.Краска и А.Важоха Астана, Көкшетау мен Ақмола облысының Первомайка ауылына сапар шекті.

2018 жылғы 15-17 мамырда 10 депутаттан тұратын Польша Республикасының Сеймінің делегациясы Астана, Қарағанды, Ақмола облысының Первомайка және Солтүстік Қазақстан облысындағы Озерное ауылына сапармен болды.

2018 ж. 25-28 мамырда Варшавада НАТО Парламенттік Ассамблеясының көктемгі сессиясының жұмысына Парламент Сенатының депутаты Нұржан Нұрсипатов, Сенат Аппаратының Парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлім меңгерушісінің орынбасары Жанна Сағынова қатысты

Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Төлеубек Мұқашев және Сенаттың Аппараты Басшысының орынбасары Ерлан Сәрсембаев 2018 жылғы 11-13 шілдеде Орталық және Шығыс Еуропалық спикерлердің Үшінші саммитіне және Польша парламентаризмінің 550 жылдығына арналған мерекелік шараларға қатысу үшін Варшаваға сапар шекті.

Қазақстандағы президенттік және парламенттік сайлауына Польша депутаттары халықаралық миссиялар құрамында тәуелсіз бақылаушылар ретінде қатысты.

Сыртқы істер министрлері деңгейіндегі сапарлар

ПР сыртқы саяси ведомствосының басшысы 1998, 2002 және 2010 (екі рет) жж. Қазақстанға сапарлармен келді.

2012 ж. 21-22 маусымда ҚР Сыртқы істер министрі Е.Қазыхановтың Польшаға жұмыс сапары өтті. 2013-2014 жж. ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың Польша Сыртқы істер министрі Р.Сикорскимен жұмыс бабындағы кездесулері өтті.

2018 жылғы 19 қаңтарда Нью-Йоркте Польшаның Сыртқы істер министрі Й.Чапутович Қазақстан Республикасының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде төрағалық етуі барысында «Ауғанстандағы және Орталық Азиядағы аймақтық әріптестікті қауіпсіздік пен дамудың өзара тәуелділігі үлгісі ретінде» тақырыбындағы министрлік дебаттарының кездесуіне қатысты.

Консулдық қызметтер арасындағы ынтымақтастық

2018 жылдың 13 наурызында Астана қаласында Қазақстан мен Польша сыртқы істер министрліктерінің консулдық қызметтерінің алғашқы кеңестері өтті.

Келісімшарттық-құқықтық база

ҚР және ПР арасында 26 халықаралық келісім-шарт қолданылады (22 мемлекетаралық және үкіметаралық, сонымен қатар 4 ведомствоаралық келісім-шарт). Тараптардың қарауында 14 жаңа екіжақты құжаттардың жобалары бар, соның ішінде өңіраралық ынтымақтастық туралы құжаттар.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Польша Қазақстанның Орталық және Шығыс Еуропадағы жетекші сыртқы экономикалық әріптестерінің бірі болып табылады. Польшаның Орталық Азия елдерімен саудасының жалпы көлемінің 80%-ы қазақ-поляк тауар айналымына тиесілі. Польшаға Қазақстандық экспортының басым бөлігін энергия ресурстары, шикізат және химия, көмір өнеркәсібі, қара металлургия, ауыл шаруашылығы өнімдері, соның ішінде бидай мен мақта құрайды. Ал, Польшадан Қазақстанға электр тұрмыстық аспаптар мен жабдықтар, ауыл шаруашылығы өнімдері, химиялық өнеркәсіп өнімдері, жиһаз, азық-түлік тауарлары импортталынады.

2016 жылғы 22-23 тамызда өткен Мемлекет басшысының Варшаваға сапары екі жақты экономикалық ынтымақтастыққа қуатты серпін берді. Ең алдымен, өзара сауда саласында белсенділік арта түсті. Осылайша, Польшаның Кәсіпкерлік және технологиялар министрлігінің мәліметі бойынша, 2017 жылы екі жақты тауар айналымы 1 млрд 242,7 млн еуроны құрады (2016 жылмен салыстырғанда - 62,6%). Сонымен қатар, Қазақстаннан импорттау 816,2 млн. Еуро деңгейінде қалыптасты (59,5% - ға өсті), Қазақстанға экспорты 426,5 млн. Еуроны құрады (өсім 53,6%).

2018 жылдың қаңтар-қазан айларында өзара тауар айналымы 1 млрд. 715,7 млн еуро құрады (өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 63% өсті), оның ішінде қазақстандық экспорт - 1 млрд 368,3 млн еуро, импорт Қазақстанға - 347,4 млн еуро. Қазақстаннан экспорттың айтарлықтай өсуі энергетикалық бағалардың өсуіне байланысты.

Қазіргі уақытта Польшаның жеке капиталы Қазақстан экономикасының көптеген салаларында белсенді пайдалануда. Қазақстанда поляк капиталы бар 216-ға жуық компания тіркелген. Қазақстанға құйылған тікелей поляк инвестициясы - 200 млн. долл., ал Польшаға қазақстандық күрделі қаржы жұмсалымы - 25,5 млн. долл. құрайды.

Польша үшін Қазақстанмен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығының маңыздылығы Польшаның Инвестициялық және сауда агенттігінің өкілдігін 2017 жылдың күзінде Астанада ашу туралы шешім қабылданғаны көрсетуде.

Қазақстан экономикасында ірі поляк инвесторлардың бірі - POLPHARMA концерні (Шымкент қаласындағы «Санто» фармацевтикалық зауытты) және «SELENA Group» («Астана - жаңа қала» АЭА құрылыс қоспалары мен оқшаулау материалдарын шығаратын зауытты іске қосты).

2018 жылдың 20 маусымында Астана қаласында Қазақстан-Польша арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының VIII отырысы өтті.

Мемлекет басшысының Польшаға жасаған сапары нәтижесінде өзара тиімді ынтымақтастық бағыттарында елеулі өзгерістер енгізілді. Поляк серіктестер үшін ең тартымды: инжиниринг, IT-технологиялар, тау-кен техникасы, ауылшаруашылығы өндірісі, қаржы секторы («Астана» халықаралық қаржы орталығы құрылғаннан кейін және «Бәйтерек» холдингтің қызметін кеңейту арқасында).

Қазақстан мен Польшаның транзиттік - көліктік әлеуеті мол. Осыған орай, екі ел үшін «Бір белдеу, бір жол» бастамасын іске асыруда бірлескен жобаларға қатысу маңызды. Атап айтқанда, Польшаға шығыс шекарасынан 300 километрге дейінгі кең темір жол енеді.

Қазіргі таңда Қытай мен Польшаның арасындағы ара қашықтықты контейнерлік пойыздар 11 күнде өтеді. 2017 жылы сол бағытта 3,270-ден астам сапар жасалды (2018 жылы 4 мыңнан астам сапар жоспарланған). Сондықтан, бұл бағытта тасымалдау уақытының едәуір төмендеуін ескере отырып теміржол көлігі теңіз жолдарымен тасымалдауда бәсекеге қабілетті.

Алайда, Қазақстанның Польша үшін маңыздылығы тек қана транзит тұрғысынан емес, сонымен қатар, қолайлы инвестициялық ахуалы бар достық мемлекет ретінде, біздің ел, Польша бизнесі үшін азиялық нарықтарға жылжу үшін экономикалық форпост ретінде болып табылады.

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Польша азаматтары үшін визасыз режимді енгізу және 2017 жылдың мамыр айында Астана мен Варшава арасындағы тікелей әуе қатынасын ашу, сондай-ақ ЭКСПО-2017 көрмесіне Польшаның қатысуы, өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуда тиімді тетігі болып табылады.

Польшаның Астанада болған EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі белсенділігінің нәтижесінде Польша павильоны үздік дизайн категориясында алтынға марапатталды. Жалпы алғанда, EXPO-2017-ге келген Польшаның туристер саны 16 531 адамды құрады (бұл ЕО елдерінің арасында Германиядан кейін екінші орын).

Мәдени-гуманитарлық байланыс

Екі ел арасында білім беру саласындағы байланыстар кеңеюде. Бұған серпін ретінде Білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы Үкіметаралық келісімнің 2016 жылғы 6 маусымда күшіне енуі. Қазіргі кезде Польша жоғары оқу орындарында 780-нен астам Қазақстан студенттері білім алуда.

2018 жылдың 17-18 сәуірінде Варшавада екіжақты қарым-қатынас тарихында тұңғыш рет Елшіліктің көмегімен ғылым мен жоғары білім туралы Қазақстан-Польша форумы өтті. Оның жұмысына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы А.Орсариев және Қазақстан жоғары оқу орындарының ректорлар кеңесінің төрағасы, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, Е. Садықов бастап келген Еліміздің жоғары оқу орындарының ректорларының үлкен делегациясы қатысты.

Мәдениет саласындағы маңызды бастамасы ретінде екі елдің танымал шығармашылық ұжымдары мен орындаушыларының қойылымдарының өнер көрсеткенін айта кету жөн. 2016 жылдың қараша айында Варшава мен Вроцлав оперлық театрларында «Астана балеті» қазақ театрының труппасының концерттері өтті. Өз кезегінде, 2015 жылдың қазанында Қазақстанның астанасында Польшадан танымал опера әншісі Катаржина Мацкевич, ал 2017 жылдың қыркүйегінде поляк операсы және поляк әскерінің симфониялық оркестрі концерті өтті.

Екі елдің әдебиет классиктерінің шығармалары қазақ және поляк тілдерінде жарық көрді. Ынтымақтастықтың маңызды бөлігі - біздің мемлекеттеріміз арасындағы «қосылушы көпір» болып табылатын Қазақстанда тұратын этникалық поляктар мәселесі бойынша ынтымақтастық (Қазақстандағы поляк диаспорасы шамамен 34 мың адамнан құрайды).

Қосылған : 6.11.2016, 18:50, Өзгертілген : 15.08.2019, 14:00