6 сәуір күні Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 27 жыл толады

Қазақстан Польшаны Орталық және Шығыс Еуропадағы, сондай-ақ Еуропалық Одақ аймағындағы негізгі саяси және экономикалық әріптес ретінде қарастыруда. Сонымен қатар, біздің мемлекеттерімізді ортақ тарих және Қазақстанда тұрып жатқан 34 мыңдық поляк диаспорасы біріктіруде.

1994 жылдың наурызында Қазақстанда Польша Елшілігі ашылды.

2000 жылдың қазан айында Польшада Қазақстанның Елшілігі ашылды.

2017 жылдан бастап Қазақстанның Польшадағы Елшісі Марғұлан Баймұхан, Польшаның Қазақстандағы елшісі Селим Хазбиевич болып табылады.

Жоғары деңгейдегі өзара сапарлар екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытуға елеулі үлесін қосты.

Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылғы қарашада, 2002 жылдың мамырында және 2016 жылдың тамызында Польшаға үш рет сапарлар жасады.

1999 жылдың қазан айында Қазақстанға Польша Президенті Александр Квасьневский, 2007 жылғы наурызда Президент Лех Качиньский, ал 2017 жылдың қыркүйегінде Президент Анджей Дуда мемлекеттік сапарлар жасады.

Екі жақты ынтымақтастықтың басым бағыты сауда және инвестиция болып табылады. 2018 жылы Польшамен екіжақты сауда 2 млрд. 248,6 млн. евро, соның ішінде Қазақстаннан экспорт 1 млрд. 807,4 млн. евро, Польшадан импорт 441,2 млн. евро құрады.

Польшаның капиталы Қазақстан экономикасының түрлі салаларында көрініс тапқан. Флагмандық позицияны Қазақстандағы ең үлкен фармацевтикалық компания - «Химфарм» АҚ Polpharma компаниясы иеленеді.

Қазақстан мен Польша Еуразиялық кеңістіктегі транзиттік және көлік интерфейсін жетілдіру бойынша, оның ішінде «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында жұмыстар жүргізіп жатыр,.

2018 жылы Нұр-Султан қаласында Поляк инвестициялық және сауда агенттігінің (PAIH) өкілдігі ашылды.

Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясы табысты жұмыс істеуде.

Қызықты фактілер:

Сталиндік репрессия кезеңінде Қазақстанға 190 мыңға жуық поляк жер аударылды, олардың көпшілігі жергілікті халықтың риясыз көмегі арқасында аман қалды.

2001 жылы Польшаның көрнекті ұлы, Рим Папасы Иоанн Павел II Қазақстанға сапармен келді.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Польшаның ұлттық батыры, генерал Владыслав Андерс әскерінің жауынгерлік жолының маңызды кезеңі Қазақстан аумағы арқылы өтті.

Польша жазушылары мен этнографтары Адольф Янушкевич пен Густав Зелиньский қазақтар туралы маңызды тарихи-этнографиялық және поэтикалық шығармаларды жазып қалдырды.

2019 жылы қазақ халық музыкасының 2300-ден астам туындыларын жазған және жүйеленген шығу тегі поляк Қазақстанның халық әртісі, музыкант-этнограф және композитор Александр Затаевичтің туғанына 150 жыл толады.

2017 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Польша азаматтарының сапарлары үшін визасыз режим енгізді.

2017 жылдың мамыр айынан бастап Астана мен Варшава арасында тікелей әуе рейсі ашылды.

Нұр-Сұлтан қаласында өткен ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінде Польша павильоны «үздік дизайн» санатында алтын медальмен марапатталды.

Польшаның жоғары оқу орындарында 1000-нан астам қазақстандық студенттер оқуда.

2003-2008 жылдары қазақстандық және поляк әскерлері Біріккен Ұлттар Ұйымының Иракқа көмек көрсету жөніндегі миссиясында (UNAMI) бірге қызмет етті.

2018 жылы Қазақстан мен Польша бір мезгілде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелері болды.

Нұр-Сұлтан - Варшава және Гданск бауырлас қалалары болып табылады.

Қосылған : 5.04.2019, 18:30, Өзгертілген : 5.04.2019, 18:30