Елші

Сатыбалды Ересұлы Бұршақов

Израильдегі ҚР Елшісі

1968 жылы 24 тамызда Орал облысының Чапаев ауданының Первомайск ауылында дүниеге келген.

1993 жылы Алматы педагогикалық шет тілдер институтын бітірген.

Пәкістан Ислам Республикасында Шетелдік қызмет академиясында (1994) және Нидерланды Корольдігінде «Клингендаль» Халықаралық қатынастар Институтында (1995) сынау мерзімінен өткен.

1993 ж. – Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлемдік тілдер университетінің оқытушысы.

1993-1995 жж. – Қазақстан Республикасының сыртқы істер Министрлігінің Еуропа елдері басқармасының атташесі, референт.

1995-2000 жж. – атташе, Венгрия Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің үшінші, екінші хатшысы.

2000-2002 жж. – екіжақты ынтымақтастық департаментінің бірінші хатшысы, кеңесшісі, Қазақстан Республикасының сыртқы істер Министрлігінің Еуропа және Америка департаменті бөлімінің бастығы.

2002-2007 жж. – Бельгия Корольдігіндегі Қазақстан Республикасы Елшілігінің кеңесшісі, бірінші хатшы.

2007-2011 жж. – Қазақстан Республикасының Парламент Сенаты Аппаратының парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі.

2011-2012 жж. – Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі Аппаратының халықаралық байланыстар және хаттама бөлімінің меңгерушісі.

2012-2017 жж. – ЮНЕСКО жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілінің орынбасары (Франция).

2018-2019 жж. – Қазақстан Республикасының сыртқы істер Министрлігінің халықаралық ақпарат Комитеті төрағасының орынбасары.

2019 ж. наурыз-қыркүйек аралығында - Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігінің сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі.

2019 ж. 30 қыркүйекте Израильдегі Қазақстанның Төтенше және Уәкілетті Елшісі болып тағайындалды.

II классты Төтенше және уәкілетті елші дипломатиялық дәрежесіне ие.

Ағылшын және француз тілдерін меңгерген.

Отбасылы, екі баласы бар.

Қосылған : 6.11.2016, 18:50, Өзгертілген : 22.12.2016, 14:10