Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Лондонда тұңғыш концертін өткізді

Фото: Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі. Фотограф - Никита Басов.

ЛОНДОН, 2018 жылғы 19 қараша – Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Лондондағы «The O2» аренасының «Indigo» концерттік залында өзінің «DQ» атты жеке шоуын өткізді. Шоу Біріккен Корольдіктегі Қазақстан мәдениет күндерінің бір бөлігі бола отырып, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігімен Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Қазақстандық әншінің концерті туралы естіген Димаштың мыңдаған жанкүйерлері әлемнің түкпір-түкпірінен Ұлыбританияның астанасына арнайы келді. Жанкүйерлер арасында АҚШ, Аргентина, Аустралия, Бельгия, Бразилия, Германия, Жаңа Зеландия, Моңғолия, Нидерланд, Канада, Қытай, Ресей, Сингапур және тағы басқа елдерден келгендер болды.

Д.Құдайбергенді келе салысымен 100-ге жуық жанкүйерлер Хитроу әуежайында шотланд волынкасын, Қазақстанның туын, плакаттарды, сыйлықтарды және гүлдерді әкеліп, жылы қарсы алды. Қазақстандық дарын тоқтаған қонақүйде де автограф алып, Д. Құдайбергенмен суретке түсемін деген фанаттар жиналды.

Концерттің басталуынан алты сағат бұрын қонақтар кіру алдында жинала бастады. Асыға күткен әнші сахнаға шыққанда, зал қол соғып қошеметтеп, соңғы әнге дейін шаттыққа бөленді. Екі жарым сағаттық концерт аяқталғаннан кейін қонақтар Димаштың есімін айтып, ұзақ уақыт бойы сахна алдында тұрды.

«DQ» – жас орындаушының елдің жүрегінен орын тапқан хит әндері мен жаңа композициялары кірген жаңа концерттік бағдарламасы. Еуропаның жүрегінде өткен жеке концерттің көрермендері бірегей шоуды алғаш рет көрді. Концертке қазақ, орыс, ағылшын, француз және қытай тілдерінде әндер кірді.

Кеш қонақтары «S.O.S. D'un Terrien En Detresse» әнін де естіді – Д. Құдайберген бұл әнді мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанның алғашқы Олимпиада жүлдегері, биылғы жазда опат болған қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге арнап айтты.

Димаш Құдайберген – бес октава, төрт нота және бір жарты тонды қамтитын вокалдық диапазоны бар қазақстандық әнші, композитор және мульти-аспапшы. Сатылған билеттерден түскен барлық қаражат Қазақстанның дарынды жастарының беделді халықаралық байқаулар мен концерттерге қатысуына қолдау көрсету үшін жұмсалады.

Димаштың ірі музыкалық байқауларға қатысқан және жеткен жетістіктерінің тізімі мынадай: Қытайдағы «Singer», «Байқоңырдың сыңғырлаған дауыстары», «Жас Қанат», «Восточный базар», «Мейкин Азия», «Славянский базар». Димаш – 2018 жылғы «Global Chinese Golden Chart Awards» (Қытай) аясындағы «Жыл әртісі» премиясының иегері, Пекиндегі жыл сайынғы «Weibo» премиясының «Жылдың жаңа музыкалық күші» номинациясы иегері, «IQIYI Awards» нұсқасы бойынша «Жылдың ең танымал әнші жігіті» атағының және тағы да басқа көптеген жетістектердің иегері.

Қосылған : 20.11.2018, 15:00, Өзгертілген : 20.11.2018, 15:00