ТүркПА миссиясы Қазақстандағы президенттік сайлауды бақылайтын болады

НҰР-СҰЛТАН, 2019 жылғы 7 маусым - Қазақстан Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) Қазақстандағы президенттік сайлауды бақылау миссиясының басшысы ТүркПА Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсуповпен және осы ұйымға мүше мемлекеттердің депутаттарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында сыртқы саяси ведомство басшысы Қазақстандағы алдағы Президент сайлауына дайындық барысы туралы хабардар етіп, кандидаттар арасында күшті және бәсекелі күрес күтілетінін атап өтті. «Қазақстан демократиялық мемлекет және алдағы сайлау әділ және ашық өтеді», - деп атап өтті СІМ басшысы.

Сондай-ақ, Министр ТүркПА делегациясын Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуымен, жастар мен көп балалы отбасыларды қолдау жөніндегі жаңа мемлекеттік бағдарламалармен таныстырды. Кездесу барысында түркі ынтымақтастығы өз дамуының жаңа жағдайында және Қазақстан түркі интеграциясы мәселелеріне үлкен мән беретіні атап өтілді. ТүркПА Түркі кеңесі негізгілерінің бірі болып саналады және оның парламентаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі барлық түркі мемлекеттері үшін маңызды.

А. Мамаюсупов ТүркПА-ның президенттік сайлауды бақылау жөніндегі миссиясының алдағы уақыттағы қызметі туралы хабардар етті. Нұр-Сұлтан қаласымен қатар бақылаушылар сондай-ақ Қазақстанның бірнеше өңірлеріне барады. «Сайлауға дайындық белсенді жүріп жатыр, жеті кандидаттың қатысуы қазақстандық сайлаушыларға кеңінен таңдау жасауға мүмкіншілік береді. Әлемдік қоғамдастықтың назары Қазақстанға және Сіздің еліңізде болып жатқан процестерге деген үлкен қызығушылықты көрсетеді», - деді Миссия басшысы.

Сонымен қатар, ТүркПА Бас хатшысы Ассамблеяның ағымдағы қызметі мен болашаққа арналған жоспарлары, атап айтқанда, маусым айында Баку қаласында өтетін Түркі әлемі парламентшілерінің халықаралық конференциясына дайындық барысы туралы айтып берді.

ТүркПА Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. Қазіргі уақытта ТүркПА мүшелері Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия. Ұйымның Штаб-пәтері Баку қаласында орналасқан. ТүркПА Ассамблеяға мүше мемлекеттер арасындағы парламентаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша диалог пен өзара түсіністікті дамыту үшін маңызды алаң.

Қосылған : 7.06.2019, 20:05, Өзгертілген : 7.06.2019, 20:05