Көлік (метро, автобустар, такси, велосипедттер, автомобильдер)

Елде көлік инфрақұрылым және қоғамдық көліктің жұмысы жақсы дамыған, оның ішінде метро, автобустар, такси, велосипедтер. Қоғамдық көліктегі жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүзеге асырылады (байланыссыз төлем жүйелері қоғамдық көліктердің барлық түрлерінде орнатылған).

МЕТРО

Лондон метрополитені қоғамдық көліктің ең қолайлы нысандарының бірі. Станциялардың арасындағы қозғалыс жүйесі метро сызықтарының (11 жол) және бағыттарының (батыс-шығыс, солтүстік-оңтүстік) түстеріне негізделген. Барлық метро станциялары алты аймаққа бөлінген: 1-ші аймақ - Лондон орталығы, 6-шы аймақ – қала маңы. Билеттің бағалары өтетін аймақтардың санына байланысты. Бірінші аймақ ішінде жол жүру бағасы шапшаңдық сағатына 2,90 фунт стерлинг және басқа уақыттарда 2,30 фунтқа тең.

Метрополитен сағат 05:00-ден 00:00-ге дейін жұмыс істейді. Келесі метрополитендер тәулік бойы дүйсенбіден сенбіге дейін жұмыс істейді, соның ішінде Victoria (көгілдір), Central (қызыл), Jubilee (сұр), Northern (қара) және Piccadilly (көк).

Метро станцияларының карталарын әуежайда, қонақ үйлерде және туристік ақпараттық орталықтарда, сондай-ақ «Tube», «Google Maps» және басқа интерактивті ұялы қосымшаларды жүктеуге болады (толығырақ: https://tfl.gov.uk/modes/tube/).

АВТОБУСТАР

Көпшілік автобустардың ерекшелігі олардың екі қабатты құрылысы. Жол жүру төлемі арнайы терминалдарда сатып алуға болатын «Oyster card» карточкасы немесе байланыссыз төлем карталары көмегімен қабылданады. Жол жүру бағалары:

Бір сапар - £ 1.50

1 күн (келесі күні 4:29 дейін) – 5 фунт стерлинг;

7 күн - 21,20 фунт стерлинг;

1 айға - 81,50 фунт стерлинг;

1 жыл - 848 фунт (толығырақ: https://tfl.gov.uk/fares-and-payments/fares/bus-an...).

ТАКСИ

Мемлекетте, әсіресе Лондонда, британдық кэбтардың (такси) желісі жақсы дамыған. Тарифтер тәулік барысында, қашықтыққа және жол жүру уақытына байланысты, оның ішінде ең төменгі сома (таксиге отырғаннан бастап) - 3 фунт стерлинг (толығырақ: https://tfl.gov.uk/modes/taxis-and-minicabs/taxi-f...).

Кэб жүргізушілердің негізгі бәсекелестері жергілікті таксилерге қарағанда арзан деп есептелетін американдық « Uber » компаниясының жеке жүргізушілері болып табылады.

* кэбтың үстіндегі шам жанып тұрса, ол такси бос екендігін білдіреді.

ВЕЛОСИПЕДТЕР

Лондонда «Santander» велосипедтерін жалға алуға болатын 750-тен аса велотұрақтар орналасқан. Төлемақы негізінен төлем карточкалары немесе ұялы қосымшалар арқылы алынады. Велосипедті жалға алудың минималды құны тәулігіне 2 фунт стерлинг, бірінші жарты сағат тегін және әр кейінгі 30 минутқа қосымша 2 фунт стерлинг қосылады (толығырақ: : http://www.visitlondon.com/traveller-information/g...).

АВТОКӨЛІКТЕР

Автокөлікті жалға алған жағдайда, оның сыртқы ақаулардың / сызаттардың бар-жоғын тексеріп, авария болған жағдайда шығындарды өтеу және сот үдерісін болдырмау мақсатында оның барлық құжаттарын, соның ішінде сақтандыру құжаттамасын мұқият тексеріп көріңіз. Мемлекетте жол полициясы қызметі жоқ, бірақ жол қозғалысы ережелерін сақталуы бейне бақылау жүйесі арқылы тиімді жүргізіледі.

«Жүргізушілер арасындағы түсіністік» жоғары деңгейде

Жол қозғалысы ережелерін бұзатын жүргізушілерге ауызша ескерту жасау немесе бұзушылықты көрген басқа жүргізуші полиция қызметкерлерін шақыру мүмкін. Полиция қызметі көп ұзамай бұзушылық жасалған жерге келеді.

Автокөлікті жүргізу кезінде «hands free» сияқты арнайы құрылғыларды пайдаланудан басқа, ұялы құрылғыларды пайдалануға тыйым салынады.

Автокөліктерді тек арнайы белгіленген жерлерде ғана қалдыруға болады: резидент (нүктелі сызықпен белгіленген жолда) және ақылы (жолда тік жақшалармен белгіленген). Сондай-ақ, жұмыс уақытынан тыс (18:30-дан 08:30-ға дейін), демалыс күндері және жол бойында орнатылған хабарламаларда (автотұрақ кезінде берілген ақпаратты мұқият оқып шығыңыз) көрсетілген уақыт ішінде «бір сары сызық» түрінде белгіленген жерлерде автоколікті қалдыруға болады. Рұқсат етілмеген жерлерде тұрғаны үшін 130 фунт көлемінде айыппұл немесе эвакуациялау қаупі бар.

ЖАЯУ ЖҮРУШІЛЕР

Жол қозғалысы сол жақты және қазақстандықтар үшін үйреншіксіз болып табылады. Сондықтан, әсіресе жолды өткенде және айналма жолдар бойымен жүріп бара жатқанда сақ болыңыз.

Күтпеген жағдайлар туындаған жағдайда (жергілікті құқық қорғау органдарының ұстауы, басқа тұлғалар тарапынан қауіптің болуы, жол-көлік оқиғалары және басқа), Қазақстан Республикасының Лондондағы Елшілігінің жедел телефон нөмірлеріне хат жазуға немесе хабарласуға болады. Консулдық бөлімнің қызметкерлері әрқашан сізді келесі әрекеттер бойынша бағыттайды.

Жеке меншік аумаққа заңсыз ену, басқа адамдардың мүлкін иемдену, әлеуметтік желілерде және жеке қарым-қатынаста біреуге жаман сөз айту, сондай-ақ қарама-қарсы жыныстың өкілдеріне қатысты флирт (британдық мәдениетпен таныс болмағандардың пікірі бойынша) және осындай басқа әрекеттер қамауға алу және соттық үдерісіне әкеле алады.

Кез-келген жағдайда қырағылық сақтаңыз және сыпайылық танытыңыздар, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен білмеген сұрақтар бойынша сауалдар жасаудан бас тартпаңыз, Қазақстан Республикасы Елшілігінің байланыс деректерін өзіңізбен бірге алып жүріңіз.


Қосылған : 11.04.2018, 16:25, Өзгертілген : 11.04.2018, 16:25