​Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Біріккен Корольдік Қазақстан экономикасына құйылатын инвестициялар көлемі бойынша алдыңғы қатарлы елдердің бірі (қазақстандақ деректерге сәйкес, 2005ж. бастап 13 млрд. АҚШ доллардан аса (британдық деректерге сәйкес, 1991ж. бастап 25 млрд. фунт стерлингтен аса) және Қазақстанның маңызды еуропалық сауда серіктесі (тауар айналымы 1,2 млрд. долл.) болып қалуда.


Біздің мемлекеттерімізде мұнай-газ және тау-кен салаларында, қаржылық, заңдық және консалтингтік қызметтер салаларында табысты ынтымақтастықтың ұзақ тарихы бар.

Қазақстанда Ұлыбританияның қатысуымен 500-ден астам заңды тұлғалар, филиалдар және өкілдіктер жұмыс істейді. Олардың ең ірілері трансұлттық компаниялар «Royal Dutch Shell» және «Ernst & Young» - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшелері. Ұлыбританиядағы қазақстандық бизнес «Самұрық-Қазына» АҚ және «ҚазМорТрансфлот» және «Эйр Астана» өкілдіктерімен көрсетілуде. Лондондық қор биржасында «ҚазМұнайГаз», «HalykBank», «Kcell», «Қазкоммерцбанк» төрт қазақстандық компаниялар қатысуда.

Біріккен Корольдікке қазақстандық экспорттың негізгі позициялары - түсті металдар, ферроқорытпалар, химия өнімдері, көмір, шикі мұнай мен мұнай өнімдері, астық; импорт – құрылыс крандар, қозғалтқыштар, өнеркәсіптік жабдықтар, электротехникалық жабдықтар, оптикалық және медициналық мақсаттағы бұйымдар, дәрі-дәрмек, әуе кемелері мен қосалқы бөлшектер, болат конструкциялары, химиялық өнімдер мен антиквариаттар.

Екіжақты экономикалық қатынастардың құқықтық негізі

Қосарланған салық салуды болдырмау және табысқа салынатын салықтан жалтаруға жол бермеу және мүлік құндылығын арттыру туралы конвенция, сондай-ақ 1996 және 1997 жылдары күшіне енген Инвестицияларды қорғау туралы келісімі болып табылады.

1997 жылдан бастап Қазақстан-Британ сауда-өнеркәсіптік кеңесі 18 кездесу өткізді. Аталған Кеңес 2013 жылы Британ тарапынан Сауда және инвестициялар министрінің басшылығында Сауда-экономикалық, ғылыми, техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Британ үкіметаралық комиссиясының құрылуының негізін қалады.

2012 жылғы қарашада Біріккен Корольдік Қазақстанды екі жақты сауда мен инвестицияларды ұлғайту үшін 14 басымды елдердің қатарына қосып, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің сауда өкілі лауазымын бекітті.

Британдық компаниялар «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне белсенді түрде қолдау көрсетті, Астана Халықаралық қаржы орталығын дамуында қатысуда және ірі қазақстандық компанияларды жекешелендіруде. Екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға 2017 жылы Қытайдан Қазақстаннан Лондонға дейін «ҚТЖ Экспресс» АҚ операторы іске қосылған тікелей темір жол тасымалдау қызметтері ықпал етеді.

Қосылған : 11.04.2018, 15:50, Өзгертілген : 11.04.2018, 15:50