М.Бисенғалиев жетекші ететеін Үнді симфониялық оркестрі Ұлыбритания қалалары бойынша тур ұйымдастырмақ

Құрметті достар,

2019 жылғы ақпанда әлемге әйгілі қазақстандық скрипкалық виртуоз Марат Бисенғалиев бастаған Үндістанның симфониялық оркестрі (ҮСО) Ұлыбританияның бес қаласында алты концерт өткізуді жоспарлап отырғанын қуанышпен хабарлаймыз.

Оркестрдің қазіргі музыкалық жетекшісі – қазақстандық маэстро М.Бисенғалиев - 2006 жылы УСО-ның негізін қалауға айтарлықтай үлес қосты. Бұл Үндістанның ең алғашқы және жалғыз кәсіби симфониялық оркестрі. Сонымен қатар, ҮСО орындаушыларының елеулі бөлігі – қазақстандық музыканттар.

ҮСО 2019 жылғы 19-25 ақпан аралығында бірінші британдық турымен тарихқа енуге дайын. Оркестр Лондондағы Cadogan Hall залында екі концерт ұсынып, Бирмингемдегі Symphony Hall, Кардифтегі St David's Hall, Гилфордтағы G Live және Эдинбургдағы Usher Hall залдарында өнер көрсетеді.

Барлықтарыңызды осы дарынды музыканттары беретін концерттерді тамашалауға шақырамыз!


19 ақпан: Бирмингем – Symphony Hall

БИЛЕТТЕР

20 ақпан: Лондон – Cadogan Hall

БИЛЕТТЕР

21 ақпан: Кардифф – St. David's Hall

БИЛЕТТЕР

22 ақпан: Гилфорд – G Live

БИЛЕТТЕР

24 ақпан: Эдинбург - Usher Hall

БИЛЕТТЕР

25 ақпан: Лондон - Cadogan Hall

БИЛЕТТЕР

Қосылған : 9.02.2019, 10:25, Өзгертілген : 9.02.2019, 10:25