Туу туралы куәлік

Баланың тууын тіркеу үшін екі ай ішінде, ал өлі бала туылған жағдайда туған сәтінен бастап бес тәуліктен кешіктірмей келесі құжаттар ұсынылады:

1) нысан бойынша тууды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;

2) ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесі (тұпнұсқасын салыстырып тексеру үшін);

3) ата-анасының неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігінің көшірмесі (тұпнұсқасын салыстырып тексеру үшін);

4) туу туралы медициналық куәлік "Birth Certificate";

5) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы - 20 фунт стерлинг.

Баланың тууын тіркеу мерзімі бұзылған жағдайда мынадай құжаттар қосымша ұсынылады:

1) ата-анасының еркін нысандағы жазбаша түсініктемесі;

2) тиісті әкімшілік аумақтық бірлік органының туу туралы жазбаның болмауы туралы анықтама;

3) баланың денсаулығы туралы анықтама.

Өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген шет мемлекеттің құзіретті мекемесі не соған уәкілетті тұлғамен куәландырылған немесе берілген құжаттар тек арнайы куәландыру рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (заңдастыру немесе апостиль қою).

***шет тілінде берілетін барлық құжаттар қазақ немесе орыс тіліне аударылуы тиіс.

Қосылған : 16.10.2017, 11:50, Өзгертілген : 16.10.2017, 11:50