Орнықты даму және инновация жөніндегі екінші Орталық Азиялық ғылыми форум

Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігі және Ұлыбританиядағы Қазақстандық PhD Қауымдастығы сіздерді Орнықты даму және инновация жөніндегі екінші Орталық Азиялық ғылыми форумына шақырады. Форум Ұлыбританияда Лафборо университетінде (2019 жылғы 18 наурыз) және Қазақстанда «Астана» Халықаралық қаржы орталығында (2019 жылғы 4 сәуір) өтеді.

Форум Орталық Азия аймағының қажеттіліктеріне айрықша назар аудара отырып, тұрақты даму саласындағы ғылыми негізделген және іс-әрекетке бағытталған жобаларды әзірлеу, талқылау және іске асыру алаңын қамтамасыз ететін пәнаралық ғылыми-зерттеу іс-шарасы болып табылады.

Форумның Орталық Азия аймағының болашақ әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін аса маңызды екі өзара байланысты мақсаты бар. Біріншіден, форум Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің тұрақты дамуына бағытталған Қазақстан мен Ұлыбританиядағы қазақстандық ғалымдардың жобаларына мемлекеттік органдар мен бизнес құрылымдардан серіктестерді тарту үшін платформаны қамтамасыз етеді. Екіншіден, Форумның мақсаты – мүмкіндігінше көп мүдделі тараптарды біріктіру: Орталық Азия аймағының экономикалық және мәдени әлеуетін іске асыру саясатын әзірлеуге және жүзеге асыруға жауапты Ұлыбритания мен Орталық Азия үкіметтерінің өкілдерін (елшілерді қоса алғанда); Орталық Азияға инвестициялаудың әлеуетті мүмкіндіктері туралы көбірек білуге қызығушылық танытатын өнеркәсіп өкілдерін (венчурлық капиталды қоса алғанда); үкімет пен өнеркәсіптегі мүдделі тараптар арасындағы маңызды көпір бола алатын жас және тәжірибелі ғалымдарды.

Бағдарлама мен жобалар туралы толығырақ ақпаратты www.kpauk.org сайтында табуға болады

Қосылған : 6.03.2019, 11:00, Өзгертілген : 6.03.2019, 11:00