Ұлыбританияның Сыртқа істер министрлігінде ЭКСПО-2017 табысты аяқталу құрметіне және Британ-Қазақстан қоғамының 15 жылдығына арналған салтанатты қабылдау өтті

Британдық Сауда және Сыртқы істер министрліктері, сондай-ақ Британ-Қазақстан қоғамы мен ҚР Ұлыбританиядағы Елшілігі бірлесе ұйымдастырған қабылдауға Үкімет мүшелері және Біріккен Корольдіктің Үкімет және Парламент мүшелері, британдық бизнес, академиялық және сарапшылық топтардың өкілдері қатысты.

Өз сөзінде ҚР Елшісі Ерлан Ыдырысов биыл аталып отырған Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы табысты ынтымақтастықтың 25 жылдығы қатынастардың барлық салаларында әсерлі жетістіктермен ерекшеленіп отырғандығын атап өтті. Британия – Қазақстанның аса ірі сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі, біздің елдеріміз бизнесті дамыту, экономиканы цифрландыру, жоғары технологияларды қолдану сияқты маңызды салаларда белсенді ынтымақтасуда. Энергетика, қаржы, білім беру және мәдениет салаларындағы қарым-қатынастар қарқынды дамуда. Ұлыбритания «Астана» халықаралық қаржы орталығының қалыптасуы мен дамуында басты рөл атқаруда.

Е. Ыдырысов сондай-ақ Британ-Қазақстан қоғамының екі ел арасындағы қарым-қатынастарды дамытуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Ол британдық және қазақстандық әріптестерді қоғамның қызметіне белсенді араласуға және аталған маңызды институттың дамуына жаңа серпін беруге шақырды.

Британ Үкіметінің атынан Халықаралық сауда Министрі Грег Хэндс құттықтау сөз сөйлеп, қазіргі таңда Қазақстан мен Ұлыбритания екіжақты қарым-қатынастар тарихының жаңа парағын ашып отырғандығын атап өтті. Екі елдің сауда-экономикалық байланыстары нығаюда, Қазақстан британ бизнесі үшін аса тартымды елге айналуда. Г. Хэндстің айтуынша, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі сауда және іскерлік байланыстарды дамытуға қуатты серпін берді. Ол жаңа технологиялар мен «жасыл» энергетика салаларындағы өзара ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерін ашты. Ұлыбритания Қазақстан экономикасын цифрландыруға белсенді қатысуға ниетті, британдық екі компанияның «Astana Smart City» жобасын іске асыруға үміткерлердің қатарына енгізілгені осыған үлгі бола алады.

Іс-шара барысында Британ-Қазақстан қоғамының төрағасы Руперт Гудман және Ұлыбританияның ЭКСПО-2017 ұлттық комиссары Чарльз Хендри де құттықтау сөз сөйледі. Өз сөздерінде олар Қазақстан-Британ қарым-қатынастарының жоғары деңгейде екендігіне тоқталып, елдер арасындағы бірқатар маңызды бағыт бойынша ынтымақтастықтың жоғары әлеуетін атап өтті.

Іс-шара қонақтарға арнап сазгер С. Тұрысбектің «Көңіл толқыны» күйі мен британдық атақты Биттлз тобының «Yesterday» атты әуенін орындаған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халық әнлерінің орындаушысы, әнші Ерлан Рысқалидың концерттік бағдарламасымен аяқталды. Концерттік бағдарлама аясында Қазақстан-Британ пианисі, халықаралық байқаулардың лауреаты Айжан Нұркенова да өз өнерін ортаға салды. Ол қазақтың белгілі сазгері Н. Меңдіғалиевтің «Дала» және өзінің «Туған жер» композицияларын орындады.

Бұл қазақтың ұлттық музыкасының британдық Сыртқы істер министрлігінің 1925 жылы еуропалық шекаралар жөніндегі локарн шарттарына қол қою құрметіне байланысты аталған «Locarno Suite» қабылдау залында алғаш рет шырқалуы.

Қосылған : 8.12.2017, 14:10, Өзгертілген : 8.12.2017, 15:10