ҚР азаматтығы сұрақтарын қарастыру

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ҚР азаматының басқа мемлекеттiң азаматтығында болуы танылмайды.

ҚР азаматтығынан айырылуын тіркеу үшін шетел мемлекеттің азаматтығын алған ҚР азаматы жеке куәләндіру құжаттарын (паспорт, жеке куәлік және басқа) ҚР ІІМ Көші-қон қызмет комитетіне немесе ҚР Сыртқы істер министрлігінің шетелдік мекемелеріне тапсыруға міндетті.

ҚР азаматтығынан шығуға ҚР азаматының ҚР заңнамасына белгіленген тәртіппен жасаған өтініші негізінде рұқсат етіледі.


ҚР азаматтығынан айырылуды тіркеу үшін қажетті құжаттардың тізімі:

1) Өтініш* (ҚР Елшіліктің Консулдық бөлімі);

2) Сауалнама;

3) бір түрлі-түсті фотосурет (3,5х4,5см);

4) шетелдік паспорттың көшірмесі (негізгі беті) немесе натурализация туралы куәліктің көшірмесі (Certificate of Naturalization);

5) консулдық алым - төлемсіз;

6) Қазақстаннан тыс жерде тұрақты тұруға рұқсаты бар белгімен ҚР паспортының түпнұсқасы.


ҚР азаматтығынан шығу үшін қажетті құжаттар тізімі:

1) сауалнама-өтініш (бекітілген нысанға сәйкес);

2) өмірбаян (еркін нысанда);

3) үш түрлі-түсті фотосурет (3,5х4,5см);

4) жеке куәләндіру құжаттар, баланың туу және неке қию туралы куәліктердің түпнұсқалары мен көшірмелері;

5) консулдық алым - 190 фунт стерлинг.


Көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасында зайыбы немесе оның асырауындағы адамдары болған жағдайда, ол сол адамдардың қызмет алушыға материалдық және басқа да талаптарының жоқтығы туралы нотариат куәландырған өтініштерін береді.

18 жасқа толмаған, сондай-ақ іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдарға қатысты азаматтықты өзгерту мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші куәландырған өтінішті, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін (асырап алушылар, қорғаншылар және қамқоршылар жергілікті атқарушы орган шешімінің көшірмесін ұсынады) не іс-әрекетке қабілетсіз адамның жеке басын куәландыратын құжатты қоса отырып олардың заңды өкілдері береді.

14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балалар ата-анасының өтінішіне көрсетілетін қызметті беруші растаған жазбаша келісімін қоса береді.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде, қағаз жеткізгіштегі өтініштің көшірмесіндегі қабылдау күні, қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты және құжаттар топтамасын қабылдаған уақыты көрсетілген белгі оның қабылданғанын растау болып табылады.


АРЫЗДАРДЫ, САУАЛНАМАЛАРДЫ НЕМЕСЕ БАСҚА МАТЕРИАЛДАРДЫ ЖҮКТЕУ БОЙЫНША ҚИЫНДЫҚТАР БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА consul@kazembassy.org.uk ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТАҒА ЖАЗУДЫ СҰРАЙМЫЗ.

Қосылған : 1.11.2017, 11:05, Өзгертілген : 1.11.2017, 11:05