​Пәтерде / жатақханада / қонақүйде тұру

Пәтерде / жатақханада тұру

Жалға алу туралы шартқа қол қою алдында, құжаттың мәтінін мұқият зерделеп, әсіресе мерзімдері және келісімнен шығу шарттарына, коммуналдық қызметтерге және салықтар төлемдерін жасау тәртібі, сондай-ақ басқаға көңіл бөлуді сұраймыз.

Британияда жалданған пәтерге / пәтерден көшу кезінде жиһаз және басқа заттардың инвентаризациясы қарастырылған. Пәтердегі мүлікке зиян келтірілсе немесе оның жоқ болуы жағдайында, риэлторлық агенттік аталған мүліктің құны есебінен сіз қалдырған дипозит ақшасынан өтей алады.

Пәтерлерді / бөлмені жалдау туралы шарттарға қашықтықтан қол қою жалға алынатын жылжымайтын мүлік күткен түрге жиі сай келмейді.

Пәтерлер/бөлмелердің шын түрі суреттегідей тартымды бола қоймайды.

Қонақүйде тұру

Егер сіз қонақ үйде тұруға шешім қабылдасаңыз, ерте келу және / немесе кету, тұру (пандус және басқа да ыңғайлылықтар) шарттарына, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі ережелеріне ерекше назар аударыңыз. Сіз тұратын қонақ үйдің визиткасын әрдайым өзіңізбен бірге алып жүру керек.

Британияда розеткалар жерге тұйықталумен үш контактілі болып табылады. Адаптерлерді барлық дүкендерден сатып алуға болады.

Бағалы заттар

Бағалы заттардың сақтығы үшін (көп ақша және жеке құжаттар, оның ішінде паспорт, жеке куәлік және т.б.) олардың қажеттілігі болмаған жағдайда өзіңізбен бірге алып жүруден бас тартуды ұсынамыз. Аталған заттарды жалдаған пәтерде, жатақхананың бөлмесінде немесе қонақжайдың сейфінде сақтау қажет.

Паспортыңыздың немесе басқа бағалы заттардың жоғалуы / ұрлануы байқалған жағдайда жергілікті полиция қызметкерлеріне хабарласу немесе келесі сілтемелерде https://www.immobilise.com/ немесе https://www.reportmyloss.com/ онлайн режимінде жоғалған затыңызды тіркеп, полицияға хабарлама жіберу керек.

ҚР-дың Лондондағы Елшіліктің Консулдық бөлімі жаңа паспорт ресімдеуге келесі ҚР азаматтарынан құжаттар қабылдайды:

1) мекендеу елінің оқу орындарында бір жылдан кем емес мерзімде білім алып жүргендер;

2) мекендеу елінде бір жылдан кем емес еңбек келісімшарты бар жұмысшылар;

3) Қазақстанның құзырлы мекемелерімен берілген Қазақстаннан тыс жерде тұраққа рұқсаттың көшірмесі немесе паспорттағы арнайы белгі;

4) аталған тұлғалармен бірге тұратын жанұя мүшелері.

Жоғарыда аталған тұлғалар категорияларына кірмесеңіз, Қазақстанға қайту туралы куәлікке құжаттарды тапсыра аласыз. Бұл құжат Отанға паспортсыз қайтуға мүмкіндік береді: (http://mfa.gov.kz/ru/london/content-view/izgotovlenie-pasporta-grazdanina-rk)

Қосылған : 11.04.2018, 16:15, Өзгертілген : 11.04.2018, 16:15