Жол жүріге дайындық

Визалық талаптар

Саяхатқа дейін сіздің паспортыңыздың жарамдылығын және британдық визалық жапсырманың болуын тексеру қажет (бұдан әрі - виза). Ұлыбританияға баратын Қазақстан азаматтары сапардың мақсатына сәйкес тиісті виза қажет, атап айтқанда, визаның мынадай түрлері бар:

стандартты виза (отбасы, бизнес);

транзиттік (үшінші елге транзитпен);

білім алу визасы (тіл курстары, университетте білім алу);

жұмыс визасы, оның ішінде шетелдік ұйымның ресми өкілі (егер жұмыс берушінің визалық шақыруы болса);

инвесторлық виза (Британ экономикасына инвестиция салу ниетімен);

басқа визалар (толығырақ: https://www.gov.uk/check-uk-visa).

Британдық визалар қысқа мерзімді болуы мүмкін (виза 6 айға дейін (бағасы - 131 АҚШ доллары) және ұзақ мерзімді (виза 6 айдан артық (2 жылға дейін - 795 АҚШ доллары, 5 жылға дейін – 903 АҚШ доллары, 10 жылға дейін - 1133 АҚШ доллары).

Британдық визаны алу үшін визаны ресімдеу кезінде төлқұжаттың жарамдылық мерзімі кемінде алты ай болуы керек, яғни 1 қаңтарда виза алуға өтініш берсеңіз және сіздің паспортыңыз 1 маусымда аяқталса, өтінішіңіз қараусыз қайтарылады.

Визалық сауалнама толтыру және құжаттарды жинау кезінде өзіңіз туралы ең дұрыс ақпаратты ұсыну қажет. Кез келген қателік өтінішіңіздің нәтижесіне теріс әсер етуі мүмкін.

Ұлыбританияның визалық орталықтары Астана, Алматы және Атырау қалаларында орналасқан. Өтініш берушінің биометрикалық деректерін жинауға байланысты (саусақ іздері, адамды суретке түсіру) визаға өтініш берген кезде жеке қатысу қажет.

Астана және Алматы қалаларының визалық орталықтарында визалық құжаттардың және биометриялық деректердің мобильді жинау қызметі ұсынылады. Бағасы келісу негізде бекітіледі. Стандартты өтініштерді қарау мерзімі - 15 жұмыс күні. Аталған визалық орталықтарда визалық өтініштердің қарастыру уақытын тездету қызметі ақылы көрсетіледі: өтініш беру күнін санағанда - 24 сағат (956 фунт) және 5 жұмыс күн ішінде (бағасы 220 фунт) (толығырақ: https://uk.tlscontact.com /kz/ala/index.php).

2015 ж. 5 шілдесінен бастап Біріккен Корольдікке 6 айдан аса мерзімге сапар шегетін шетелдік азаматтар, оның ішінде Қазақстанның азаматтары, Ұлыбританиядағы мемлекеттік ауруханаларда шұғыл медициналық көмек алу үшін жыл сайынғы ақы төлеуге тиісті (студенттер 150 фунт, басқалары - 200 фунт). Бұл төлем визалық өтініштерді толтыру кезінде төленеді.

Британдық визаны алғанға дейін Біріккен Корольдік аумағындағы білім алу, жол жүру билеттерін алу, тұру және басқа қызметтер үшін ақша аударымдардан бас тартқан жөн деп санаймыз. Визаға құжаттарды беру өтінішіңіздің жағымды қарастыру нәтижесінің кепілі болып саналмайды. Британдық визаны күту кезінде сіздің аты-жөніңіз «ҚР борышкерлерінің бірыңғай тізілімінде» көрсетілмегеніне көз жеткізу маңызды (толығырақ: http://www.adilet.gov.kz/kk/kisa/zapret). Егер сіз осы тізілімде болсаңыз, мемлекеттің алдындағы борыштық міндеттемені тиісті түрде өтемегенге дейін шетелге шыға алмайсыз.

Сондай-ақ әуе көлігіндегі қауіпсіздік талаптарымен танысу қажет. Мысалы, жүгіңіз (сөмкелерде, жәшіктерде және т.б.) және қол жүгінде, нәресте тағамдарынан басқа, ет, көкөніс және сүт өнімдерін тасымалдауға тыйым салынған. Әуе кемесінің бортына кіруге дейін алынған немесе сатылған сұйық, пышақ және басқа кесетін заттар, қару-жарақ тәрізді балалар ойыншықтарын немесе басқа да заттарды алуға тыйым салынған.

Үй жануарларын (ит, мысық, аламан) әкелу қатаң шектелген. Қазақстаннан Ұлыбританияға өсімдіктерді апару үшін Қазақстан Республикасының құзыретті органы берген фитосанитариялық сертификат қажет.

Жеке тұтыну үшін мынадай өнімдерге рұқсат етіледі:

2 кг дейін жемістер мен көкөністер (картоптан басқа);

2 кг дейін жұмыртқа немесе бал;

20 кг дейін балық өнімдері. Балық таза, тазартылған, пісірілген немесе кептірілген болуы қажет (толығырақ: https://www.gov.uk/bringing-food-animals-plants-in...).

Төменде кіргізуге / шығаруға тыйым салынған заттар тізімі берілген:

атыс қаруы немесе суық қару;

жарылғыш заттар;

жанғыш материалдар;

есірткі;

өзін-өзі қорғайтын спрейлер, мысалы, бұрыш спрейі және CS-газ;

жануарлар мен өсімдіктердің жойылып кету қаупі бар түрлері;

алмаздар;

ет және сүт өнімдерінің жеке импорты;

тарихи артефакттер және елге кіргізуге тыйым салынған басқа да заңсыз заттар (толығырақ: https://www.gov.uk/duty-free-goods/banned-and-restricted-goods).

10,000 еуродан асатын (немесе басқа валютадағы баламалар) ақшаны тасымалдау кезінде шекара бақылау пункттерінде сәйкесінше толтырылған декларацияны тапсыру арқылы кіргізілетін соманы тіркеу қажет (толығырақ: http://www.hmrc.gov.uk/customs/arriving/declaring-cash.htm).

Мынадай төмендегі тауарларды бажсыз тасымалдауға рұқсат етіледі:

200 шылым, 100 сигарилл, 50 сигар, 250 г темекі;

16 литр сыра, 4 литр шарап;

2 литр алкогольдік сусындар (22 градустан төмен);

1 литр алкогольдік сусындар (22 градустан жоғары);

сатуға арналмаған тауарлар, оның ішінде лицензиясы жоқ дәрілік заттарды, сыйлықтар, әшекейлік бұйымдар және т.б. (толығырақ: https://www.gov.uk/duty-free-goods).

Жүктің салмағы, отбасылық сәлемдеме және басқа сылтаумен бөтен адамдардың өтініштері бойынша жүктерді тексеру пункттері арқылы бөгде адамдардың сөмкелерін, қораптарын, қаптамаларын және басқа заттарын әкелуден бас тартуды ұсынамыз.

Берілген сәлемдемеде заңсыз заттар, оның ішінде есірткі заттары, жарылғыш құрылғылар, улы заттар және қауіпті аурулардың патогендері болуы мүмкін екенін түсіну маңызды.

Әуежай, теміржол вокзалы, теңіз кемежайдан шыққанға дейін шекарадан өту кезінде қажет болуы мүмкін және / немесе жүк жоғалған жағдайда қажет бола алатын орналасу талондарын және жүк талондарын тастамаңыз.

Сондай-ақ, бірінші көмек көрсету үшін қажетті дәрі-дәрмектері бар дәрі-қорабын алдын ала әзірлеуді ұсынамыз (тек қана жеке қолданыс үшін). Осыған қоса британдық дәріханаларда антибиотиктер мен басқа да күшті дәрі-дәрмектер тек дәрігердің рецепті бойынша сатылатындығын ескертеміз.

Британдық визаны алғаннан кейін жеке деректердің дұрыстығын (аты, туған күні, төлқұжат нөмірі), болу мерзімі мен шарттарын тексеру қажет. Виза жапсырмасы дұрыс болған жағдайда сіз келесі әрекеттерді жасай аласыз:

әуе билетін сатып алу. «AirAstana» ұлттық авиакомпаниясы Лондонға тікелей рейстерді жасайды. 2017 жылғы 4 маусымнан бастап Нұр-Сұлтан-Лондон-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша рейстердің саны аптасына 5 ретке дейін жетіп, бар болған дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндердің рейстер қатарына қосымша жексенбі рейсі қосылды.

қонақүйде бөлмені броньдау және / немесе шақырушы тараппен тұрғылықты жер бойынша уағдаласу, мысалға келетін жерден тұрғылықты, білім алу немесе басқа жерге дейін трансфер ұйымдастыру.

Шетелдік сапар мерзіміне сәйкес өмір және денсаулық сақтандыру жасау.

* Кәмелетке толмаған баланың визалық жапсырмасында Ұлыбританияға кірудің шарттарында тек ата-ананың немесе басқа тұлғаның алып жүруімен елге кіру шарты көрсетілсе, баланы жалғыз жіберуге тыйым салынады.

* Виза жапсырмасында қате болған жағдайда, виза берген визалық орталықпен хабарласу қажет.

Ұлыбританияның шекарасындағы паспорттық және визалық бақылауды өту алдында, шекарадағы қызметкерге толтырылған көші-қон картасын тапсыру қажет. Көші-қон картасын әуе кемесінің бортында немесе бара жатқан әуежайға келгенде алуға болады.

Британияға ұшып келген соңғы әуежайдың немесе қаланың атауын көрсетіңіз

Қосылған : 11.04.2018, 15:55, Өзгертілген : 11.04.2018, 15:55