Жалпы ақпарат

Ресми атауы: Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі (аумағы 244 мың шаршы км.; халқы – 63,9 млн. адам (2015ж.)

Астанасы: Лондон (қала маңын қосқанда – 8 млн. адам).

Ресми діні: англикандық, сонымен қатар католицизм және пресвитериандық бағыт таралған.

Ақша бірлігі: фунт стерлинг (1 фунт стерлинг 100 пенстен тұрады). 50, 20, 10, 5 фунт стерлинг ақша номиналдары және 2, 1 фунт стерлинг тиындары, сонымен қатар 50, 20, 10, 5, 2, 1 пенстері бар.

* 1 фунт стерлинг = 491.45 теңге = 1.15 евро = 1.29 АҚШ долл. (15.05.2019 ж. курс бағамы бойынша).

Мемлекеттік тілі: ағылшын.

Ұлттық мерекесі: Патшайымының туған күні (Елизавета II 1926 жылғы 21 сәуірде туған, бірақ мереке жыл сайын Үкімет белгілеген күні, әдетте маусым айының бір сенбісінде тойланады).

Ұлттық демалыс күндері:

-1 қаңтар Жаңа жыл (New Year's Day);

-17 наурыз Қасиетті Патрик Күні (St Patrick's Day);

-25 желтоқсан Рождество (Christmas Day);

-26 желтоқсан Сыйлықтар күні («Boxing Day» күнінде барлық дүкендерде киім, техника және басқа тауарлардың бағалары төмендетіледі);

- Жыл бойы өзгеріп тұратын басқа демалыс күндері: Пасха (Good Friday) және Пасха апталығының басталу күні (Easter Monday); мамыр айының басындағы банктік демалыс күні (Early May Bank Holiday); көктемгі банктік демалыс күні (Spring Bank Holiday); жазғы банктік демалыс күні (Summer Bank Holiday).

Әдеттегідей, демалыс күндерінде кейбір қоғамдық орындар (сауда орталықтары, азық-түлік дүкендері, ресторандар және басқа) жабық болады немесе қысқартылған жұмыс уақытымен істейді. Жаңартылған күндерді мына сілтеме арқылы табуға болады: https://www.gov.uk/bank-holidays.

«Union Jack» туы – қазіргі заманғы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің мемлекеттік символдарының бірі болып табылады (1922ж. бастап), сондай-ақ британ империясының құзырындағы мемлекеттерді қоса.

Тарихшылар осы күнге дейін ту атауындағы «Jack» сөзінің қайдан пайда болғанына қатысты ортақ пікірге келген жоқ. Бір теория жақтастары бұл одақтық тудағы «Jack» сөзі өз атауын Яков королінің құрметіне қойылған деп санайды: «Джек» «Якобус» (Jacobus) атының қысқартылған – латын жазуында «Яков». Басқа сарапшылардың пікірі бойынша, тудың атауы, оның ұзақ уақыт бойы тек қана теңізде қолданылғандығымен байланысты («jack» ағылшын тілінен аударғанда кеменің тұмсық бөлігінде тұратын тутұғырды білдіреді). Осы атау ресми түрде Парламентпен 1908 жылы мақұлданды.

Қосылған : 11.04.2018, 12:15, Өзгертілген : 18.01.2019, 18:00