Елшілік туралы

Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 19 қаңтарда орнатылған. Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігі 1996 жылғы ақпанда ашылған. Е.Ә. Ыдырысов 2017 жылдан бастап ҚР Ұлыбританиядағы Елшісі болып табылады.

Елшілік Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің жүйесіне енеді және ҚР Ұлыбританиядағы мүдделеріне өкілдік етеді.

Елшіліктің негізгі міндеттері:

- Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету және оның сыртқы саяси курсын іске асыру;

- Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының Біріккен Корольдіктегі құқықтары мен мүдделерін қорғау;

- Қазақстан Республикасының Ұлыбританиямен ынтымақтастығын дамытуды қамтамасыз ету, Қазақстанның мемлекеттік органдарының, қоғамдық ұйымдарының және іскер топтар өкілдерінің Ұлыбританиямен байланыстарын орнату және қатынастарын дамыту;

- Қазақстан Республикасының Біріккен Корольдікпен халықаралық келісімшарттары жобаларын, келісімшарттарды жасасу, орындау және тоқтату жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысу, Қазақстанның болу елімен жасасқан келісімшарттарының орындалуына бақылау жасау;

- консулдық қызмет;

- өзге де міндеттер.

ҚР Ұлыбританиядағы Елшілігі сондай-ақ Қазақстанның Ирландия Республикасындағы және Исландиядағы өкілдігі болып табылады.

Қосылған : 11.10.2017, 09:45, Өзгертілген : 11.10.2017, 10:50