​Медициналық қызмет көрсету

Ұзақ мерзімді визасы бар шетел азаматтары (оқу, жұмыс және басқа мақсаттағы мерзімі алты айдан артық виза) Ұлыбританиядағы мемлекеттік медициналық мекемелерде тегін медициналық көмек ала алады.

Қысқа мерзімді (туристік, іссапарлар және басқа мақсаттағы мерзімі 6 айдан кем визалар) виза иелері, медициналық көмекті тек ақылы негізде алады.

Жедел жәрдем алу үшін 999 немесе 112 теріңіз;

Полиция: 101;

Медициналық көмек үшін: 111.

Мемлекеттік ауруханалардың жедел жәрдем бөлімшелері 24-сағат бойы жұмыс істейді, бөлімшелердің толық тізімін келесі сілтеме арқылы табуға болады: http://www.nhs.uk/servicedirectories/pages/nhstrus...

ТЕМЕКІ ШЕГУ

Ұлыбританияда қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салынады, темекі шегу тек арнайы орындарда рұқсат етілуде.


Жадынама сіздің Ұлыбританияда мекендеуіңіздің ыңғайы үшін әзірленген. Сондықтан сіз оның жетілдіруіне қатыса аласыз. Сіздің пікірлеріңіз және ұсыныстарыңызға риза боламыз! Өз пікірлеріңізді келесі электрондық поштаға жібере аласыз «consul@kazembassy.org.uk»
Қосылған : 12.04.2018, 10:05, Өзгертілген : 12.04.2018, 10:05