Ұлыбритания Патшайымы ІІ Елизавета Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхат жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануына орай құттықтау хаттар мен жеделхаттар келіп түсуде.

Ұлыбритания Патшайымы ІІ Елизавета өзінің хатында Қасым-Жомарт Тоқаевты шын жүректен Қазақстан Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады.

«Сізге және Қазақстан халқына бар жақсылықты тілеймін, сондай-ақ, елдеріміз арасындағы жақсы қарым-қатынастарды жалғастыруды тағатсыздана күтемін», – делінген жеделхатта.

Қосылған : 27.06.2019, 15:25, Өзгертілген : 27.06.2019, 15:25