​Лондонда № 244 сайлау учаскесі жұмысын бастады

Бүгін Лондон қаласында Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Елшілігі жанындағы №244 сайлау учаскесінде жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы басталды.

Сайлау учаскесінің жұмысы салтанатты түрде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 38-бабының 1-тармақшасына сәйкес сайлау Лондон уақыты бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді.

Сайлау учаскесіне келгенде өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының паспорты болуы тиіс.

Қосылған : 9.06.2019, 07:10, Өзгертілген : 9.06.2019, 07:10