Қылмыстық ахуал

Жалпы, Ұлыбританияның ішкі істер органдары британдық және басқа елдер азаматтарының қауіпсіздігіне ерекше назар аударады. Лондон қоғамдық тәртіпті қадағалау үшін камерамен жабдықталған ең үлкен қала болып саналады.

Алайда, террористік сипаттағы жиі төтенше оқиғаларға байланысты, Ұлыбританияда лаңкестік қатер деңгейі жоғары бағаланады.

Елшілік мемлекетте уақытша жүрген және тұрақты тұратын қазақстандықтарды, көпшілік жиналатын орындарда болған кезде жоғары қырағылықты сақтауға шақыруда.

Келесі сілтеме арқылы террористік қауіптің деңгейінің өзгеру ахуалы туралы жаңартылған ақпарат таба аласыз: https://www.mi5.gov.uk/threat-levels. Терроризмге қарсы сенім телефонының нөмірлері: 999; 0800789321.


Жадынама сіздің Ұлыбританияда мекендеуіңіздің ыңғайы үшін әзірленген. Сондықтан сіз оның жетілдіруіне қатыса аласыз. Сіздің пікірлеріңіз және ұсыныстарыңызға риза боламыз! Өз пікірлеріңізді келесі электрондық поштаға жібере аласыз «consul@kazembassy.org.uk»
Қосылған : 11.04.2018, 17:10, Өзгертілген : 11.04.2018, 17:10