Қазақстанның туристік мүмкіндіктері Лондондағы халықаралық көрмеде таныстырылды

ЛОНДОН, 2019 жылғы 20 қаңтар – «Kan Tengri Expeditions» және «Travel Club Kazakhstan» қазақстандық компаниялары Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігінің қолдауымен беделді «Olympia Exhibition Centre» көрме орталығында өтетін жыл сайынғы «Adventure Travel Show 2019» мамандандырылған туристік көрмесіне қатысты.

Екі күндік іс-шара 23-ші жыл қатарынан өткізіліп, түрлі елдердегі спорттық, экстремалды, оқиғалы және экологиялық туризм саласындағы саяхаттар ұсынатын халықаралық туристік компаниялар үшін маңызды оқиға болып табылады. Көрмеге бүкіл әлемнен 150-ге жуық мамандандырылған туроператорлар қатысты.

Қазақстандық компаниялар келушілерге Байқоңыр ғарыш айлағына саяхаттарды, этнографиялық экскурсияларды, альпинистік экспедицияларды, треккинг және велосипедтік саяхаттарды, тікұшақ экскурсияларды, Ұлы Жібек Жолы турларын, экотуризмнің бірнеше түрлерін және т.б. экскурсияларды ұсынды. Тарихқа саяхат жасап, қазақтардың ежелгі көшпелі өмір салтымен танысу мүмкіндігін беретін этнографиялық турларды ерекше атап өту жөн.

«Kan Tengri Expeditions» компаниясының Директоры Дәурен Валиевтің айтуынша, Ұлыбритания Қазақстанның туризм индустриясы үшін ең ірі нарықтардың бірі болып табылады. Сондықтан осындай көрмелерге қатысу Қазақстанның туристік мүмкіндіктері туралы ақпараттандыруды арттырудың маңызды мүмкіндігі болып табылады.

Сонымен бірге Д.Валиев қазіргі уақытта шетелдік туристер арасында велосипед саяхаттардың сұранысқа ие болғанын атап өтті. Аталған саяхаттар ұлттық саябақтарға, каньондарға, шөлдерғе, тіпті Хан Тәңірі шыңының етегіне апарады.

Көрмеде өткен тегін семинарлар мен презентациялар барысында беделді шетелдік сарапшылар түрлі тақырыптар бойынша мастер-класстар өткізіп, туристік сапарларды ұйымдастыру саласындағы өз тәжірибесімен бөлісіп, ерекше экспедициялар мен саяхатқа қатысу мүмкіндіктерін ұсынды. Орталық Азияға арналған «Life Lessons From the Silk Road Mountains Race», «Nomads in the Tian Shan: the Beautiful Ways of Kyrgyzstan», «The Trans-Siberian: Still the World's Greatest Train» и «Secret of Central Asia & the Old Silk Road» атты семинарлар өтті.

Қосылған : 22.01.2019, 12:00, Өзгертілген : 22.01.2019, 12:00