Қазақстанның стенді «WTM London» халықаралық туристік көрмесінде ашылды

ЛОНДОН, 2018 жылғы 5 қараша – Ұлыбритания астанасында 5-7 қараша аралығында өтіп жатқан «World Travel Market London» («WTM London») халықаралық туристік көрмесінде Қазақстанның стенді ашылды.

Көрме дәстүрлі түрде қоса әлемнің түкпір-түкпірінен туризм өкілдерін жинады. Бұл ауқымды іс-шараға жыл сайын 50 мыңға жуық туризм индустриясының мамандары, мемлекеттік органдардың, халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ Лондон тұрғындары мен қонақтары қатысады. Қазақстан тарапынан көрмеге Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің және Алматы қаласы туризм және сыртқы байланыстар басқармасының өкілдері қатысты.

Қазақстан туризм индустриясының өкілдері Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігінің қолдауымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған қызықты мәдени бағдарламамен Ұлыбританияға келді. Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшісі Ерлан Ыдырысов қазақстандық стендтің ашылу салтанатына қатысты. Ол қатысушыларға жемісті жұмыс тілеп, еліміздің туристік әлеуетін жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

Стенд қонақтары «Асық ату», «Арқан тарту» ойындары арқылы Қазақстанның мәдениетімен тереңінен танысып, жылдамдыққа сурет бөліктерін жинау ойыны арқылы еліміздің көрікті жерлерін ашты. Сонымен қатар қонақтар Алматы және Алматы облысынына 3D-турға виртуалды шындық режимінде қатысуға мүмкіндіке ие болды.

«Эйр Астана» ұлттық әуе компаниясынан Лондон-Қазақстан екіжақты әуерейстерін, сондай-ақ «Hilton Astana 5*» және «Rixos Borovoe 5*» қонақүйлерінде тұру сертификаттарын ұтып алу мүмкіндігі көрме қонақтарына қосымша тосынсый болды.

Ежелгі батырлар костюмдарындағы керемет актерлер қонақтардың ерекше назарына бөленді – батырлармен суретке түсем деушілердің саны көбейе түсті. Батырлар еліміз туралы ақпаратпен бөлісіп, келушілерді ойындарға қатысуға және ұлттық тағамдардан дәм татуға шақырды.

«WTM London» көрмесі «ExCel London» көрме орталығында 2018 жылғы 7 қарашға дейін жалғасады. Қазақстан AS 165 және AS 060 стендтерінде орналасқан.

Қосылған : 5.11.2018, 18:50, Өзгертілген : 5.11.2018, 18:50