​Қазақстандықтар әлемдегі ең күрделі триатлонға алғаш рет қатысуда

ЛОНДОН, 2019 жылғы 2 шілде – Лондон уақыты бойынша сағат 02:00-де төрт қазақстандық триатлоншы – Эльфира Дудник, Елена Кун, Мәдина Құрманбаева және Әнел Сытдыкова «Enduroman Arch to Arc» атты экстремалды ультра-триатлонға қатысуын бастады.

Олардың «Iron Moms KZ» атты командасы Лондондағы Мәрмәр аркасынан басталып, Париждегі Триумфалды аркада аяқталатын қашықтықты өтпек. Кезеңдердің реті де стандартты емес: спортшылар алдымен Лондоннан Дуврға дейін жүгіріп (140 км), Ла-Манш бұғазын жүзіп өтіп (шамамен 36 км), әрі қарай Парижге дейін велосипедпен барады (290 км).

Бұл аталған жарыс тарихындағы қазақстандық қатысудың алғашқы талпынысы, сондықтан бұл жарыс қатысушылар мен жанкүйерлер үшін өте маңызды. «Темір аналар» өздерінің триатлоннан күрделі жарыстарға қатысудың үлкен тәжірибелері мен дайындығы ортақ мақсатқа жетуге көмектеседі деп сенеді.

«Arch to Arc» жарысына тіркелу үшін, спортшылардың ұзақ қашықтыққа жүгіру, жүзу және велосипедпен жүру тәжірибесі болуы тиіс. Оның бәрі құжатпен расталуы қажет. Спортшылар сондай-ақ 16°С төмен су температурасында жүзудің алты сағаттық тестінен өтуі тиіс.

Триатлонның басталу уақыты Ла-Манш бұғазындағы ауа райы жағдайына байланысты болды. Триатлонға қатысушылар соңғы сәтке дейін старттың нақты уақытын білмеген. Ұйымдастырушылар триатлонның бастау уақытын 20 сағат бұрын ғана белгіледі.

«Триатлонға қатысуға сұраныс өте жоғары, сондықтан тіркелген спортшыларға кейде бір-екі жыл күтуге тура келеді. Жарыс ережелері өте қатаң – рефери бүкіл қашықтық бойынша спортшылардың қасында жүреді. Жүзген кезде спортшы қайыққа қолын тигізе алмайды. Ал велосипедпен жүру кезеңіне дейін демалу уақыты 12 сағаттан аспау керек», – деді Е.Кун.

Ультра-триатлонның маршруттары өте күрделі: жүгіру жолдар мен велосипед жолдары қалалық көлік қозғалысымен қатар өтеді, бұл спортшылардың жұмысын қиындатып, қауіпсіздік тәуекелін жоғарылатады. Ла-Манш бұғазындағы судың төмен температурасы турнирдің бұл кезеңін қазақстандық спортшылардың өміріндегі ең қиын жүзу марафондарының бірі қылатыны анық.

Старттың кеш уақытына қарамастан, қазақстандықтар еліміздің жалауымен спортшыларды қолдауға келді. Олар батыл отандастарымыздың барлық күрделі сынақтардан сәтті өтіп, өз есімдерін қазақстандық спорт тарихына енгізетініне сенімді.

Қосылған : 2.07.2019, 10:00, Өзгертілген : 2.07.2019, 10:00