Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы туралы №1 ақпараттық хабарлама

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

2019 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтеді.

Осыған орай Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінде № 244 сайлау учаскесі ашылды.

Сайлау учаскесі Қазақстан Республикасының Лондондағы Елшілігінде келесі мекенжайында ашық болады: Kazakhstan House, 125 Pall Mall, London SW1Y 5EA, тел.: +44 207 9251757, e-mail: london@kazembassy.org.uk.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 38-бабының 1-тармақшасына сәйкес сайлау жексенбі, 2019 жылғы 9 маусым күні Лондон уақыты бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына қатысу үшін сайлау күні Ұлыбританияда болатын азаматтар жоғарыда аталған сайлау учаскесінде алдын-ала тіркелу керек. Сайлаушылар тізіміне енгізілу үшін олар elections@kazembassy.org.uk электрондық поштасына деректерін жолдау қажет (толық аты-жөні, туған күні, ЖСН, толық британдық мекен-жайы және байланыс деректері).

Сайлау күні өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты болуы тиіс.

Қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының www.election.kz веб-сайтында табуға болады.


Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы туралы №2 ақпараттық хабарлама

Құрметті Ирландия және Исландияда тұратын отандастар, Қазақстан Республикасының азаматтары!

Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігі Ирландия мен Исландияда аккредитацияланғанына назарларыңызды аударамыз. Осыған орай сіздер Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына Қазақстан Республикасының Лондон қаласындағы Елшілігі жанында ашылған №244 сайлау учаскесінде қатыса аласыз. Мекен-жай: Kazakhstan House, 125 Pall Mall, London SW1Y 5EA, тел.: +44 207 9251757, e-mail: london@kazembassy.org.uk.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 38-бабының 1-тармақшасына сәйкес сайлау жексенбі, 2019 жылғы 9 маусым күні Лондон уақыты бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына қатысу үшін ҚР азаматтары жоғарыда аталған сайлау учаскесінде алдын-ала тіркелу керек. Сайлаушылар тізіміне енгізілу үшін олар elections@kazembassy.org.uk электрондық поштасына деректерін жолдау қажет (толық аты-жөні, туған күні, ЖСН, толық Ирландиядағы немесе Исландиядағы мекен-жайы және байланыс деректері).

Сайлау күні өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты болуы тиіс.

Қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының www.election.kz веб-сайтында табуға болады.


Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы туралы №3 ақпараттық хабарлама


Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы туралы №4 ақпараттық хабарлама












Қосылған : 22.05.2019, 11:55, Өзгертілген : 22.05.2019, 11:55