​Қазақстан мен Ирландия аймақтық әріптестікті нығайту жолында

ДУБЛИН - Қазақстанның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Елшісі Ерлан Ыдырысов Дублин және Коркте іссапармен болып қайтты.

Сапар барысында қазақстандық дипломат Ирландия СІМ басшылығымен, Әділет министрі Чарльз Фланаганмен, Ирландия атынан ауылшаруашылық бойынша Еурокомиссар Фил Хоганмен, Корк қаласының Лорд-мэрі Джон Шиханмен, Корк қаласы Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Пола Коганмен және Ирландия іскерлік ортасымен кездесті. Сондай-ақ Елші Ирландияда кеңінен мерекеленетін Еске алу күніне орай ұйымдастырылған мемлекеттік салтанатқа қатысты.

Екіжақты ынтымақтастықтың болашағы және қазіргі жағдайы тақырыбы ирландиялық әріптестермен болған келіссөздерге арқау болды. Кездесу барысында Е.Ыдырысов жақында Қазақстанда өткен президенттік сайлауда ел Президенті болып Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайланғаны туралы хабарлады. Қазақстан Елшісі еліміздің қабылданған халықаралық міндеттемелерге берік екендігін, қазақстандық қоғамның тұрақты дамуы, тұрақтылығы және бірлігіне бастау алған саяси және экономикалық бағыттың өзгермейтіндігін атап өтті. Кездесулер барысында Қазақстан мен Ирландия арасындағы келісім-құқықтық база әріптестігін кеңейту келешегіне баса назар аударылды. Оның ішіне инвестицияларды бірге қорғау және бизнес-әріптестікті жеңілдетуге бағытталған жаңа келісімдер жасау мәселелері де кіреді.

Қазақстан дипломатының Корк ирландиялық аймағының ресми және іскерлік ортасымен кездесуі барысында аймақтық әріптестікті дамыту бойынша бірқатар бастамалар ұсынылды. Олардың қатарында сауда-өнеркәсіптік палата және бизнес-қауымдастық деңгейінде әріптестік орнату, сондай-ақ агроғылым, геномика саласында, сондай-ақ ЕАЭО және Қытай нарықтарына өнім экспорттау әлеуетін ескере отырып, Қазақстан аумағында біріккен жоғары технологиялық кәсіпорындар ашу туралы ұсыныстар да бар.

Сапар соңында Е.Ыдырысов Дублинде аккредиттелген басқа да дипломатиялық өкілдіктердің басшыларымен қосылып, Еске алу күніне арналған мерекелік салтанатқа қатысты.

Қосылған : 15.07.2019, 14:15, Өзгертілген : 15.07.2019, 14:15