Қазақстан «Дала қыраны» халықаралық жаттығуын аяқтады

«Дала қыраны» халықаралық бітімгерлік жаттығудың жабылу салтанаты «Іле» алаңында өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Тимур Дәндібаевпен қатар шетел дипломатиялық миссиялардың басшылары мен әскери-дипломатиялық корпустың өкілдері қатысты.

Жаттығу барысында Ұлыбритания, АҚШ, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркия және Үндістанның әскери қызметшілері бітімгершілік операцияларының элементтерін бірлесіп орындады.

Атап айтқанда, жол бөгеттерінде қызмет көрсету, гуманитарлық жүктерді алып жүру және айдау, жергілікті тұрғындармен келіссөз жүргізу, аумақты патрульдеу, миналы жерлерді, жолдарды тазарту, суды тазалап, қамтамасыз ету және алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша міндеттер орындалды.

Бұл жаттығу 2003 жылдан бері бірлескен теориялық және практикалық тапсырмаларды орындау барысында әскери қызметкерлердің бітімгершілік дағдыларын жетілдіру мақсатында жүргізілуде.

Қосылған : 2.07.2019, 17:00, Өзгертілген : 2.07.2019, 17:00