Қазақстан. Инвестор жолнұсқасы

Қазақстан инвестициялық климаты өңірдегі ең қолайлы мемлекеттердің бірі болып саналады.

Қазіргі таңда Қазақстан – экономикасына құйылған шетел капиталының ауқымы жағынан өңірдегі көшбасшылардың бірі. UNCTAD-тың деректеріне сәйкес, 2014 жылы Қазақстан тікелей шетел инвестициясының құйылуы жағынан әлемде 28-ші орынды иеленген. (2013 жылдың қорытындысы бойынша ел 31-ші орында болған). Дамушы елдер ішінде Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша 16-шы орында болса, көшпелі экономикасы бар мемлекеттер арасында 2-ші, ал теңізге шығар жолы жоқ елдер арасында 1-ші орында орналасқан.

Мемлекеттің инвесторлармен тікелей диалогын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанда ҚР Президенті жанындағы шетел инвесторларының Кеңесі, ҚР Премьер-министрі жанындағы инвестициялық климатты жақсарту жөніндегі Кеңес және инвестициялық омбудсмен жұмыс істейді.

ҚР Президентінің тапсырмасы аясында Экономикалық ынтымақтастық және даму Ұйымының 12 ұсынымына сәйкес инвестициялық климатты одан әрі жетілдіру бойынша жұмыс атқарылуда. Бұл – интеллектуалды жекеменшік, корпоративті басқару, шетел жұмыс күшін тарту, виза ресімдеу және басқа салалардағы реформалар.

Инвесторларды қолдауға бағытталған шаралардың бірі – елде «жасыл дәліз» қағидасы бойынша құрылған арнайы режимнің іске қосылуы.

Экономика саласында Қазақстан бірқатар стратегиялық құжаттарды іске асыруда:

– 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы. Оның мақсаты – Қазақстанның аймақтарын магистралды жолдармен тоғыстыру, логистикалық, әлеуметтік және индустриалды инфрақұрылымды модернизациялау.

– 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік индустриалды-инновациялық бағдарлама. Оның мақсаты – өңдеу өнеркәсібін диверсификациялау және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

– «Жасыл экономикаға» көшу концепциясы. 2050 жылға қарай өндірілетін электр энергиясының 50%-ы жаңартылмалы энергия көздері есебінен қамтамасыз етілетін болады, ал жалпы ішкі өнімнің қосымша өсімі 3%-ды құрайды деп күтілуде.

– Бес институционалды реформаны жүзеге асыру мақсатында түбегейлі өзгерістер ұсынатын «Ұлт жоспары - 100 нақты қадам»: кәсіби мемлекеттік аппарат құру, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, индустриялындыру және экономикалық өсім, біртектілік пен бірлік және есеп беретін мемлекетті қалыптастыру.

Бұдан басқа, 2018 жылдан бастап қаржы және инвестициялық дауларды шешу мақсатында ағылшын құқығы мен ағылшын тілін қолданатын және шетел судьяларына сүйенетін жаңа сот жүйесі бар «Астана» Халықаралық қаржы орталығы өз жұмысын бастады.

Бүгінгі таңда Қазақстанда Forbes Global-2000 тізіміне енетін General Electric, Toyota Motor, Chevron, Total, Airbus Group, BASF, Hyundai Motor, Sanofi, Rio Tinto, Posco, Danone, KIA Motors, Linde, HeidelbergCement, Alstom, Thales, Keppel Corp, Metro Group, Solvay, Peugeot, AES, Areva, Sumitomo Metal Mining және басқалары сияқты жаһандық технологиялық лидерлер жұмыс істейді.

Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алуға болады: Kazakhstan. Investors guide

Қосылған : 2.07.2017, 10:50, Өзгертілген : 2.07.2017, 14:50