​Қазақстан-британдық қарым-қатынастары

1992ж. 19 қаңтарда дипломатиялық қатынастар орнатылды.

1992ж. қазаннан бастап Қазақстандағы Ұлыбритания Елшілігі жұмыс атқаруда.

1996ж. ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшілігі жұмыс істейді.

2017ж. ақпанан бастап Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып Е.Ә. Ыдырысов тағайындалды.

2018ж. қаңтардан бастап М. Гиффорд Ұлыбританияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

2019 жылы біздің елдеріміз дипломатиялық қатынастардың 27-жылдығын (19 қаңтар) атап өтті. Тарихи тұрғыдан қарағанда бұл қысқа мерзімде біз екіжақты ынтымақтастықты нығайту мен кеңейтуде маңызды жетістіктерге қол жеткіздік.

Біз елдеріміз арасында стратегиялық әріптестікті орнаттық (Бірлескен мәлімдеме 2013ж. 1 шілдеде Астанада қабылданды).

Екіжақты ынтымақтастықтың тиімді құрылымын құрдық (Сыртқы істер министрлері деңгейінде саяси консультациялар, Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия, Іскерлік кеңес, Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі бүкілпартиялық тобы және басқа).

Стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдетуге ықпал ететін ең жоғарғы және жоғары деңгейде сенімді қарым-қатынас орнатуға қол жеткізгеніміз өте маңызды болып табылады.

- Президент Н.Ә. Назарбаевтың британ Премьер-министрі Т.Мэймен алғашқы кездесуі 2016 ж. 4 қыркүйекте Ханчжоудағы G-20 саммиті шеңберінде өтті.

- 2018 жылғы 19 қазанда ҚР Президенті Н.Назарбаев пен Ұлыбритания Премьер-Министрі Т.Мэйдың Брюссельде Азия-Еуропа Саммиті аясында тағы бір кездесуі өтті.

- Ұлыбританияның ЭКСПО-2107 көрмесіндегі ұлттық күні 2017 ж. 26 маусымда өтті. Іс-шараға қатысқан британдық делегацияны Корольдік отбасының аға мүшесі, Глостер Герцогы Ричард ханзада басқарды.

Қосылған : 11.04.2018, 15:50, Өзгертілген : 11.04.2018, 15:50