Жол жүру құжаттары

ҚР-дың Лондондағы Елшіліктің Консулдық бөлімі жаңа паспорт ресімдеуге келесі ҚР азаматтарынан құжаттар қабылдайды:

- болу елінің оқу орындарында бір жылдан кем емес мерзімде білім алып жүргендер;

- болу елінде бір жылдан кем емес еңбек келісім-шарты бар жұмысшылар;

- Қазақстанның құзырлы мекемелерімен берілген Қазақстаннан тыс жерде тұрақға рұқсаттың көшірмесі;

- аталған тұлғалармен бірге тұратын жанұя мүшелері.


Жаңа паспорт ресімдеу үшін қажетті құжаттардың тізімі:

1) өтініш және сауалнама (құжаттарды тапсыру күні толтырылады);

2) өтініш білдірушінің туу туралы куәліктің көшірмесі;

3) мерзімнің өтуі немесе барлық парақтардың қолданылуы жағдайда паспортты ауыстырған жағдайда ҚР паспорттың түпнұсқасы мен көшірмесін тапсырылу қажет (паспорттың түпнұсқасы өтінішбілдірушінің қосымша арызы негізінде өзінде сақталады). Паспорт жоғалған немесе ұрланған жағдайында (a) құжатты IMMOBILISE немесе ReportMyLost сайттардың біреуінде тіркеп, (b) оның жоғалуы немесе ұрлануы туралы хабарлау және (c) растайтын қағазды принтерден басып шығару қажет. Аталған онлайн-арыз жергілікті полицияға тікелей жеткізіледі.
* Қазақстан Республикасының азаматы паспортын алғаш рет алған кезде (Қазақстан Республикасының азаматтығын дәлелдеген кезде) – 1974 жылғы үлгідегі паспорты (бұрынғы КСРО);
* Қазақстан Республикасының азаматы паспортын алғаш рет алған кезде (Қазақстан Республикасының паспорты азаматтығын дәлелдеген кезде) – жалпы шетелдік (бұрынғы КСРО) паспорты;

4) өтініш білдірушінің Ұлыбританияда, Ирландияда немесе Исландияда болу себебін растайтын келесі анықтамалардың бірі:

- тұрғылықты тұру, оқу, шетелде жұмыс істеу фактісін, отбасы жағдайын растайтын құжат (түпнұсқасы мен көшірмесі);

5) болу еліндегі құзыретті органнан алған азаматтығының жоқ екені туралы анықтама;

6) мөлшері 3,5х4,5 сантиметр (бұдан әрі – см) төрт түрлі түсті фотосурет (фотосурет көрсетілген қызметті алушының құжатын ресімдеу кезіндегі жасына сәйкес болуға және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген болуы тиіс, бейтарап бет көрінісі мен ауызы жабық болуы қажет, әр адамның беті фотосуреттің жалпы ауданының 75% – ға жуығын алуы тиіс. Фотосурет фотобаспа әдісімен қалың фотоқағазға бір негативтен бастырылады. Компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшірмеден өткізу әдісімен дайындалған суреттерді пайдалануға рұқсат етілмейді);

7) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы - 35 фунт стерлинг.

*** шет тіліндегі құжаттар қазақ немесе орыс тіліне аударылуы тиіс.


Қайтып оралуға куәлікті ресімдеу үшін қажетті құжаттардың тізімі:

1) еркін нысандағы өтініш немесе шет мемлекеттің құзыретті органының қолдаухаты (Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасына шығарып жіберілген немесе Қазақстан Республикасына берілген жағдайда);

2) жеке басын куәландыратын құжатты жоғалтқаны туралы өтініш беру фактісін растайтын шет мемлекеттің құзыретті органы берген құжат. Паспорт жоғалған немесе ұрланған жағдайында (a) құжатты IMMOBILISE немесе ReportMyLost сайттардың біреуінде тіркеп, (b) оның жоғалуы немесе ұрлануы туралы хабарлау және (c) растайтын қағазды принтерден басып шығару қажет. Аталған онлайн-арыз жергілікті полицияға тікелей жеткізіледі.

3) өлшемі 3,5х4,5 см түрлі-түсті екі фотосурет;

4) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы - 10 фунт стерлинг;

5) жеке басын куәландыратын құжаттардың (бар болған жағдайда) бірінің түпнұсқасы, ал ол болмаған жағдайда Қағидалармен белгіленген нысан бойынша толтырылған сауалнама-өтініш;

6) жынысының өзгеру фактісін растайтын шет мемлекеттің медициналық мекемесі берген тиісті құжат тапсырылады.

Қосылған : 6.11.2017, 12:45, Өзгертілген : 6.11.2017, 11:45