Қызықты деректер

- Ұлыбританияның патшайымы Елизавета II қазіргі кезде өмір сүретін монархтарға қарағанда тақта ең ұзақ мерзім бойы қызмет етіп келеді. Ұлыбританияның тарихындағы ең ұзақ монарх ретінде ресми түрде танылды, тіпті өзінің (65 жыл бойы) тақта отырған Виктория әжесінің рекордын асырды.

- Қауымдар палатасы (House of Commons) – қауымдар мүшесінің бірі болып табылмағандықтан, ағылшын монархы кіре алмайтын Британиядағы ең жалғыз орын.

- Ұлыбританияның ұраны елтаңбада француз тілінде жазылған: «Dieu et mon droit» («Құдай және менің құқығым»).

- Лондон, Еуроодақтағы 8,6 млн халқы бар ең орасан зор қалалардың бірі болып есептеледі.

- Лондонда әлемнің 300 тілінде сөйлей алатын, 270 ұлт өкілдері тұрады. Лондонның 3 млн. тұрғыны шет елдерде дүниеге келген.

- Лондон әлемдік қаржы орталықтардың бірі болып табылады, ең ірі экономикалық қалалардың рейтингісінде бесінші орынға ие. Лондон қаласының экономикасы Швеция мен Иран елдерінің экономикаларымен қоса санағанда бірдей болып келеді.

- Ұлыбританияның ЖІӨ-інің (Жалпы Ішкі Өнім) 22%-ы Лондонда жасалады.

- Лондонның 60% аса тұрғындары еңбекке қабілетті топтар қатарына кіреді.

- Лондон әлемдегі туристер ең көп келетін қалалардың бірі болып табылады. 2018 жылы 19,1 млн. астам туристер болған.

- Лондон метрополитені әлемдегі ең көне болып табылады. Оның 1863 жылы ашылған алғашқы жолы «Metropolitan Railway» деп аталды.

- Эдинбург әлемдегі ең алғашқы өрт сөндіру қызметі бар қала болып табылды.

- ДДСҰ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) мәліметі бойынша, британдық ер азаматтарының орташа өмір сүру ұзақтығы – 79 жас, ал әйел азаматшалардың – 83 жасқа тең. Ұлттық Статистикасы мекеменің ақпаратына сәйкес, британиялық азаматтардың жартысына жуығы (28,9 млн. адам) алкогольді сусындар ішеді, 19%-ы шылым тартады, сондай-ақ 26,9%-ы толықтықпен ауырады.

- Біздің мәдениеттеріміздің жанасуы жөніндегі кеңінен тараған ең ежелгі және алғашқы тарихи дерек II-IV ғасырдағы Солтүстік Англияда Рим императорларының қызметінде жүрген жауынгер-көшпенділері мен олардың отбасыларынан тұратын сармат қауымдастықтың болмысы болып табылады.

Сармат легионының ең соңғы қызмет еткен орны Рибчестер ауылының маңындағы (Ланкашир графствосы) «Bremetannacum» қорғаны болып саналады, оның кейбір қираған бөлшектері қазіргі күнге дейін сақталып келді. Жергілікті мұражайларда, қазіргі күнге дейін сақ-сарматтық жасанды артефакттар сақталған: сармат жауынгерлердің жеңісіне орай аң және барельеф стильдерінде жасалынған қылыш пен семсер, дулығалар.

-Жаңа заманда ең таңғалатын қазақ даласында сапар шеккен атақты ағылшын саяхатшысы Томас Аткинсон мен оның отбасының оқиғасы болып табылады. Ол 7 жыл бырысында Батыс Сібір мен Қазақстанның 60 мың. шақырымдай жол өтіп шықты. Зерттеуші, өзінің саяхаты кезінде көп сурет салып, жерлердің нақты анықтамаларын, табиғаттың, қазақтардың салт-дәстүрі мен тұрмыс-тіршілігін бейнелеген. Т.Аткинсон патша өкіметінің өкілдерімен ғана емес (генерал-губернатор П.Горчаков), оған қоса қазақ хандарымен де (Абылай ханның ұлы, қазақ ұлтының билеушісі – Сұлтан Сүйік) достық қатынастар құрды.


Жадынама сіздің Ұлыбританияда мекендеуіңіздің ыңғайы үшін әзірленген. Сондықтан сіз оның жетілдіруіне қатыса аласыз. Сіздің пікірлеріңіз және ұсыныстарыңызға риза боламыз! Өз пікірлеріңізді келесі электрондық поштаға жібере аласыз «consul@kazembassy.org.uk»


Қосылған : 12.04.2018, 10:15, Өзгертілген : 12.04.2018, 10:15