Мемлекеттік құрылым және саяси жүйе

Ұлыбритания – парламенттік монархия болып саналады. Мемлекетте бірыңғай негізгі заң түрінде Конституция жоқ. Парламент қабылдаған заң актілері, сот преценденттері конституциялық маңызға ие.

Мемлекет басшысы – Елизавета II патшайымы (1952 ж. 6 ақпаннан бастап) – атқарушы билік және сот жүйесінің басшысы, Жоғарғы бас қолбасшы, Англикан шіркеуінің зайырлы басшысы болып саналады, Парламентті сессияға шақыру, Қауымдар палатасын тарату, Парламент қабылдаған заң жобаларына рұқсат беру, халықаралық келісімдерді ратификациялауға ресми құқығы бар. Іс жүзінде барлық негізгі патшалық құзыреттер Парламент және Министрлер Кабинетімен жүзеге асырылады.

Парламент, Лордтар (816 лордтар) және Қауымдар палаталарынан тұрады (650 депутат жалпыға бірдей сайлау құқығы негізінде мажоритарлық жүйе бойынша тікелей және жасырын дауыс беру арқылы 5 жылға сайланады). Қазіргі уақытта Ұлыбританияда Лордтар Палатасын реформалау мәселесі белсенді түрде талқылануда, оның мүшелері тікелей дауыс беру арқылы ішінара сайланып, саяси партиялар тізімдері бойынша, сондай-ақ тәуелсіз комиссиямен тағайындалады.

Үкімет. Премьер-министр және үкімет мүшелері парламенттің депутаттары болып, билеуші партиядан бола тұра мемлекеттің атқарушы билік жүйесін басқарады. Ондағы басты рөлді саяси бағдар және үкімет қызметіне жауапты Министрлер кабинеті атқарады. Оның құрамына 22 министр кіреді. 2016 ж. 13 шілдеден бастап Тереза Мэй Ұлыбританияның Премьер-министрі болып табылады.

Қосылған : 11.04.2018, 15:35, Өзгертілген : 11.04.2018, 15:35