Қазақстанның энергетикалық және инфрақұрылымдық жобалары Лондондағы талқылаудың басты тақырыбы болды

ЛОНДОН, 2019 жылғы 15 қаңтар – Қазақстандағы энергетикалық және инфрақұрылымдық секторларды дамыту Британ-Қазақстан қоғамы мен «Fieldfisher LLP» халықаралық заң компаниясы бірлесіп Лондонда ұйымдастырған талқылаудың басты тақырыбы болды.

Ұлыбританияның Халықаралық сауда министрлігі директорының энергетика және инфрақұрылым бойынша орынбасары Кэмпбелл Кейр Министрліктің қызметі туралы, сондай-ақ Қазақстанның энергетика және инфрақұрылым секторларындағы бірлескен жобаларды дамытудың қазіргі жағдайы мен келешегі туралы баяндама жасады.

Іс-шараға британдық қаржы және бизнес топтардың өкілдері, жергілікті сарапшылар мен журналистер қатысты.

К.Кеирдің айтуынша, Қазақстан тек мұнайгаз саласында ғана емес, жаңартылатын энергия көздері саласында да айтарлықтай әлеуетке ие. Бұның дәлелі – «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің өткізілуі. Көрме нәтижесінде Қазақстанның энергетика секторында әрі қарай іске асыру мақсатында «жасыл» энергетика саласындағы озық тәжірибе жинақталды. Іс-шараға қатысушылардың пікірінше, инвесторлар үшін тартымдылығын және экономикалық тиімділігін арттыру мақсатында осы саланы әрі қарай дамытуға күш салуды жалғастыру қажет.

Іс-шара барысында пікірталастың жеке тақырыбы «Белбеу және жол» қытай бастамасына Қазақстанның қатысуы аясында ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырудың келешегі болды.

Қосылған : 16.01.2019, 18:00, Өзгертілген : 16.01.2019, 18:00