Екіжақты келісімшарттар

Қазақстан-Британ қатынастары орнаған мезгілден бастап тараптар өзара инвестицияларды ынталандыру, ғылым, білім беру және мәдениет, әуе қатынасы, өзара құқықтық көмек және т.б. жөніндегі 9 мемлекетаралық және үкіметаралық келісімге қол қойып, ратификациялаған. Сондай-ақ мемлекеттік қызмет, АХҚО-ны дамыту және т.б. ведомствоаралық келісімдер бар. Денсаулық сақтау және дипломаттардың отбасылары мүшелерін жұмысқа орналастыру салаларындағы келісім жобалары келісілу үстінде.

Екіжақты құжаттардың тізімі:

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Үкіметі арасындағы дипломатиялық қатынастарды орнату жөніндегі бірлескен мәлімдеме. Алматы, 19 қаңтар 1992 жыл.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Үкіметі арасындағы қосарлап салық салуды жою және салық төлеуден жалтаруға және мүлік құнының өсуіне жол бермеу жөніндегі конвенция. Лондон, 21 наурыз 1994 жыл.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Үкіметі арасындағы әуе қатынасы жөніндегі келісім. Лондон, 21 наурыз 1994 жыл.

4. Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Үкіметі арасындағы білім беру, ғылым және мәдениет саласындағы келісім. Лондон, 21 наурыз 1994 жыл.

5. Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Үкіметі арасындағы қосарлап салық салуды жою және салық төлеуден жалтаруға және мүлік құнының өсуіне жол бермеу жөніндегі конвенцияға енгізілген өзгерістер жөніндегі хаттама. Лондон, 21 наурыз 1994 жыл.

6. Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Үкіметі арасындағы инвестицияларды ынталандыру және қорғау жөніндегі келісім. Лондон, 23 қараша 1995 жыл.

7. Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Үкіметі арасындағы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру және қалпына келтіру жөніндегі халықаралық күш-жігерге қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы әскери мүлік және қызметкерлер транзитін қамтамасыз ету жөніндегі келісім. Астана, 27 ақпан 2012 жыл.

8. Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Үкіметі арасындағы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру және қалпына келтіру жөніндегі халықаралық күш-жігерге қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүк/арнайы жүк транзитін қамтамасыз ету жөніндегі келісім. Астана, 15 сәуір 2014 жыл.

9. Қазақстан Республикасы және Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі арасындағы қылмыстық істер жөніндегі өзара құқықтық көмек жөніндегі келісім. Лондон, 3 қараша 2015 жыл.

10. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Үкіметі арасындағы мемлекеттік қызмет саласындағы ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум. Лондон, 3 қараша 2015 жыл.

11. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, «TheCityUK» корпорациясы және Еуропа қайта құру және даму банкі арасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру және дамыту жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум. Лондон, 3 қараша 2015 жыл.

12. Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысуы жөніндегі келісімшарт. Лондон, 3 қараша 2015 жыл.

13. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі және Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Қорғаныс министрлігі арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум. Астана, 13 қыркүйек 2016 жыл.

Қосылған : 6.11.2016, 18:50, Өзгертілген : 6.11.2016, 18:50