Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов, Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі

1959 ж. 28 сәуірде Қарағанды облысында дүниеге келген.

1981 ж. Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітірген. СССР СІМ дипломатиялық академиясының түлегі.

1992-1995 жж. – Қазақстан Республикасының БҰҰ-дағы Тұрақты өкілдігінің Бірінші хатшысы болып жұмыс істеді.

1995-1996 жж. – Америка елдері басқармасының жетекшісі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.

1996-1997 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

1997-1999 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары.

1999-2002 жж. – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі.

2002-2007 жж. – Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Швеция және Норвегия Корольдіктеріндегі, сондай-ақ Ирландия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы.

2007-2012 жж. – Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі және ҚР Бразилиядағы Елшісі қызметін қоса атқарушы.

2012-2017 жж. – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі.

2017 жылғы ақпанда Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Е. Ыдырысов Қазақстанның сыртқы саясаты жөніндегі бірқатар мақаланың авторы және мемлекеттік наградалардың иегері.

Ағылшын, француз, урду және хинди тілдерін меңгерген.

Қосылған : 28.06.2017, 18:30, Өзгертілген : 29.06.2017, 14:10