Әкімшілік-аумақтық бөлінісі

Ұлыбритания төрт әкімшілік-саяси бөліктерден тұрады (тарихи провинциялардан): Англия (36 графтық - counties), Шотландия (32 графтық), Уэльс (9 графтық), Солтүстік Ирландия (6 графтық).

Сонымен қатар, мемлекет оның құрамдас бөлігі болып саналмайтын, еркіндігі бар 14 «теңіздің арғы жағындағы жерлерінен» тұрады: Ангилья, Бермуд аралдары, Британдық Антарктикалық аймақ, Үнді мұхитындағы Британдық аймақ, Британдық Виргиндік аралдары, Кайман аралдары, Фолкленд аралдары, Гибралтар, Монсеррат, Питкэрн, Қасиетті Елена аралдары, Вознесения және Тристан-да-Кунья, Оңтүстік Георгия және Оңтүстік Сандвичев аралдары, Акротория мен Дикелия (Криттегі Британдық әскери базалары), Теркс және Кайкос аралдары.

Ұлыбритания құрамына 54 мемлекет, бұрынғы доминиондар және Британдық Империяның отаршы елдері кіретін Ұлттар достастығын басқарады.

Сонымен қатар, үш тақтық жерлері бар – Гернси және Джерси Нормандық аралдары; Британдық Тақтың жері болып саналатын, бірақ Біріккен Корольдіктің құрамына кірмейтін және Британияның теңіздің арғы жағындағы аймағы құрамына кірмейтін – Мэн аралы.

Қосылған : 11.04.2018, 15:30, Өзгертілген : 11.04.2018, 15:30