Қазақстандық Сенатор Нұржан Нұрсипатов НАТО ПА-ның 65-ші жыл сайынғы сессиясының жұмысына қатысты

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Нұржан Нұрсипатов Лондонда өткен Солтүстік атлантикалық келісім ұйымы (НАТО) Парламенттік Ассамблеясының 65-ші сессиясына қатысты.

НАТО парламентшілері Альянстың Ресеймен қарым-қатынасын, Солтүстік Атлантикалық Альянстың ядролық тежеу ұстанымын, Солтүстік Атлантика мен Африкадағы қауіпсіздік мәселелерін, жасанды интеллектіні пайдалануды, шекаралардың қауіпсіздігін, киберқауіпсіздік пен сандық нарықтарды, сондай-ақ Украинадағы жағдайды талқылады.

Н.Нұрсипатов Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі Бүкілпартиялық топтың төрағасы, Ұлыбритания Парламенті Қауымдар палатасының депутаты Боб Стюартпен кездесті.   Кездесу барысында тараптар парламентаралық диалогты қоса алғанда, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту м әселелерін талқылады. Сонымен қатар сессия аясында Франция Ұлттық Жиналысының депутаты Филипп Мишель-Кляйсбауэрмен және Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының депутаты Чо Кёнг Тэмен кездесулер өтті.

Қосылған : 15.10.2019, 14:45, Өзгертілген : 14.10.2019, 14:45