2019 жылғы 28 желтоқсан Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. ҚР Лондондағы Елшілігінде көңіл айту кітабы ашық болады

2019 жылғы 27 желтоқсанда Алматы облысының Талғар ауданында жолаушылар ұшағының апат болуы салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты 2019 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту жарияланды.

Осы орайда ҚР Ұлыбританиядағы Елшілігінде осы жылғы дүйсенбі, 30 желтоқсанда сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін көңіл айту кітабы ашық болады.

Елшіліктің мекенжайы: Лондон қаласы, 125 Pall Mall, SW1Y 5EA.

Сонымен бірге электронды көңіл айту кітабы condolences.london@kazembassy.org.uk электронды поштасында ашық.

Қосылған : 27.12.2019, 13:50, Өзгертілген : 27.12.2019, 13:50