Сыртқы істер министрлігінде ХВҚ-мен ынтымақтастықты белсендіру мәселелері талқыланды

Нұр-Сұлтан, 2019 жылғы 6 қараша - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Халықаралық Валюта Қорының Орталық Азия бойынша миссиясының басшысы Марк Хортонмен кездесу өткізді.

Тараптар Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Валюта қоры арасындағы өзара іс-қимылдың болашағы мен ынтымақтастықтың өзекті аспектілерін талқылады.

Атап айтқанда, Алматы қаласында Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ және Моңғолия үшін ХВҚ-ның техникалық қолдау бойынша Өңірлік орталығын ашу, сондай-ақ мамандандырылған мекемелердің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы 1947 жылғы 21 қарашадағы БҰҰ Конвенциясын қазақстандық тараппен ратификациялау процесі мәселелері қарастырылды.

Алматы қаласында ХВҚ офисінің орналасуы артықшылықтарының бірі – онда БҰҰ Өңірлік Хабының болуы және Қазақстан «Оңтүстік астанасының» әуежайында «ашық аспан» режимінің басталуы болып табылады. Техникалық қолдау бойынша Өңірлік орталығының мақсаты – салықтық-бюджеттік саясат, банктік операциялар, қаржылай бақылау және макроэкономикалық статистика секілді салалардағы барша Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ елдерінің және Моңғолияның институционалды әлеуетінің дамуына қолдау көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады.

Қосылған : 6.11.2019, 13:55, Өзгертілген : 6.11.2019, 13:55