Алматы Лондондағы ірі туристік көрмеде таныстырылды

ЛОНДОН, 2019 жылғы 6 қараша – Алматы қаласы британдық астананың «ExCel London» атты ең ірі заманауи көрме орталықтарының бірінде «World Travel Market London 2019» («WTM London 2019») жыл сайынғы халықаралық туристік көрмесінде өз стендін ұсынды.

«World Travel Market» – 1980 жылдан бастап туристік индустрияның ең ірі оқиғалардың бірі болып саналатын және тек қана кәсіби жұртшылыққа арналған үш күндік шара.

Көрме дәстүрлі түрде әлемнің түкпір-түкпірінен туристік бизнес өкілдерінің басын қосты. Аталған ірі ауқымды іс-шараға жыл сайын туризм индустриясынан 50 мыңға жуық кәсіпқойлар, мемлекеттік органдар, халықаралық БАҚ өкілдері, сондай-ақ Лондон тұрғындары мен қонақтары қатысады.

Қазақстандық туристік индустриясының өкілдері Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігінің қолдауымен Алматы қаласы туризм басқармасы ұйымдастырған түпнұсқалық бағдарламамен Ұлыбританияға келді. Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшісі Ерлан Ыдырысов қазақстандық стендтің ашылу рәсіміне қатысып, қатысушыларға жемісті жұмыс тіледі. Ол сондай-ақ еліміздің орасан зор туристік әлеуетін іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Қонақтар Қазақстанның мәдениетімен танысуға, Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша 3D-турға қатысуға, ұлттық тағамдардың дәмін татуға және Алматы туралы жарнамалық-ақпараттық өнімдермен танысуға бірегей мүмкіндікке ие болды.

«WTM London 2019» көрмесіне «Visit Almaty», «SkyWay LTD», «Turan Asia», «Global Air American Express», «Tumar Trans» секілді ірі компаниялар мен туристік ұйымдар, «Kazzhol Almaty» қонақ үйі және «Air Astana» авиакомпаниясы қатысты.

Көрме 2019 жылғы 4-6 қараша аралығында өтті.

Толығырақ ақпаратты https://london.wtm.com/ сайтынан біле аласыз.

Қосылған : 6.11.2019, 12:40, Өзгертілген : 6.11.2019, 12:40