Жеңіс пен бейбіт өмір үшін – ардагерлерге тағзым

1941-1945 жылдардағы Ұлты Отан соғысының аяқталуының 74 жылдығына орай барлық қазақстандықтарды Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл күні біз фашизммен қанды да сұрапыл соғыста жанқиярлық ерлігімен бейбітшілік және келешек ұрпақтың, бүкіл адамзаттың жарқын болашағы үшін ұлы жеңіске қол жеткізген әке-аналарымызды еске аламыз.

Жеңімпаздар ерлігінің қаншалықты ұлы екендігін түсіну үшін фашизм келтірген трагедияның ауқымын сезіну қажет. Екінші дүниежүзілік соғысқа сол кезде әлем картасынан орын алған 73 мемлекеттің 62-сі тартылды. Адамзат сол майданда 71 млн. астам әскери және бейбіт халықтан айырылды.

Екінші дүниежүзілік соғыстың ең қиян-кескі кезеңі – кеңес халқының гитлерлік Германияға қарсы Ұлы Отан соғысы болды, оған миллионнан астам қазақстандықтар қатысты. Бұл Республиканың бүкіл халқының 20% астамы. Олардың жартысы жауынгерлік шайқас даласынан оралмады.

Өздерінің батырларын – бабаларын, аталарын, әкелерін еске ала және құрмет тұта отырып, соғыстан кейінгі ұрпақ қасіретті соғыстың басты сабағын – бейбітшіліктің құндылығын түсіну қажеттігін сезінеді.

Бейбіт өмір ғана адамдар бақытының басты шарты болып табылады. Халықтың бірлігі, татулығы ғана тәуелсіз де күшті мемлекеттің тұрақтылығына, өркендеуіне кепіл бола алады.

Біз бүгін бейбіт өмірдегі бақытты шағымыз, тәуелсіз мемлекет туралы армандарымызды іске асырудағы мүмкіндіктеріміз, халықтың өсіп-өркендеуі мен болашақ қазақстандықтарға ашылған кең перспективалар үшін Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне шын жүрегімізден алғысымызды білдіреміз.

Күн өткен сайын олардың саны азайып барады: жылдар мен соғыс жарақаттары оларды арамыздан әкетіп жатыр, бірақ олар біздің санамыздан ешқашан өшпейді. Көзі тірі ардагерлерге – олардың саны бүгінде 1425 – құрмет көрсетеміз, өз жүрегіміздің жылылығын сыйлаймыз.
Сұрапыл сынақтарға төтеп бере алған ұрпаққа тағзым етеміз, олардың арасында блокадалық Ленинградтың 69 тұрғыны, концлагерьлердің кәмілеттік жасқа толмаған 283 тұтқыны, майдан даласында қаза болғандардың 364 жесірі, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің 4179 жесірі, ҰОС қатысушылары мен ардагерлеріне теңестірілген 15066 азамат бар.

Ұлы Жеңіс күнімен! Бүкіл Қазақстан халқына бақыт, мықты денсаулық, бейбіт аспан және жарқын болашақ тілейміз!

Қосылған : 9.05.2019, 11:00, Өзгертілген : 9.05.2019, 11:00