Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Қоғамды ақпараттандыру, әлемдегі ең жоғары білім деңгейлерінің бірін қамтамасыз ету, мәдени ұқсастықты және ана тілді сақтау бойынша Финляндия тәжірибесі Қазақстанды айтарлықтай қызықтыруда.

Қазіргі заманғы Қазақстанның кино өнерін таныту мақсатында Қазақстан Елшілігі 2010 жылғы мамырда қазақ киносының бірінші фестивалін және 2012 жылғы желтоқсанда «Қазақстан кино күндерін» Финляндияда өткізді.

Екіжақты ынтымақтастықты дамытуда ғылым және білім саласында тұрақты негізде жұмыс тәжірибесімен алмасу жүргізілуде.

2012 жылғы 31 қаңтар - 7 ақпан аралығында құрамына ҚР Білім және ғылым министрлігінің және мектепке дейінгі балалар мекемелерінің өкілдері қатысқан Қазақстан делегациясы Финляндияның жұмыс тәжірибесімен және жалпы білім жүйесімен танысу мақсатында Финляндияда сапармен болды.

Қазақстан мен Финляндия Ұлттық мұрағаттары арасындағы ынтымақтастық белсенді жүзеге асырылуда.

Қосылған : 6.11.2016, 18:50, Өзгертілген : 9.11.2016, 18:02