​​​Қазақстанның жаңа Жібек Жолының жүрегіндегі рөлі - KGIR барысында талқыланатын сұрақ

Kazakhstan Global Investment Roundtable (KGIR) қазақстандық жаһандық инвестициялар бойынша дөңгелек үстел – 2017 жылдан бері ел Премьер-Министрінің басшылығымен жыл сайын өтетін Қазақстан Республикасындағы маңызды инвестициялық оқиға.

KGIR өзін мемлекет пен халықаралық инвестициялық қауымдастықтың диалогтық алаңы ретінде көрсетті.

Жыл сайын KGIR өз алаңында әлемнің 40 елдерінен 500-ден астам қатысушыларды жинайды, оның ішінде: Үкімет мүшелері, ТҰК бірінші басшылары, ірі инвесторлар, халықаралық ұйымдар, сарапшылар, мемлекеттік ұйымдар, бизнес-қауымдастық және БАҚ.

KGIR-2019 тақырыбы «Жаңа экономика және Қазақстанның инвестициялар үшін ұлғайып жатқан әлеуеті». Бағдарламада дөңгелек үстел, үкіметтік брифингтер мен семинарлар үлгісінде 8 панельдік сессия өткізу қарастырылған. Күн тәртібінде келесі сұрақтар талқыланбақ: инвестициялық климатты жақсарту, Қазақстанның көлік-логистикалық, агроөнеркәсіптік әлеуетін, қаржы нарығы мен технологияларды дамыту, мемлекеттік активтерді жекешелендіру және тағы басқа. Сондай-ақ, энергетикалық және тау кен металлургиялық кешендерінің инвестициялық әлеуеті мәселелерін талқылау ұсынылады.

Қосылған : 1.05.2019, 09:00, Өзгертілген : 1.05.2019, 09:00