Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ


Құрметті отандастар!

Құрметті депутаттар, үкімет мүшелері!


Баршаңызды жаңа парламенттік маусымның басталуымен  құттықтаймын!

Біз еліміздің жаңа тарихындағы маңызды белеске жақындап келеміз.

Отыз жылға жуық уақыт бұрын халқымыз өзінің Тәуелсіздігін жариялап, бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындады.

Осы уақыт ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен еліміз әлемдегі беделді әрі орнықты мемлекетке айналды.

Баянды бірлігіміздің арқасында тәуелсіздігімізді нығайтып, халқымыздың жағдайын жақсартуға жол аштық.

Бұл жасампаздық пен ілгерілеу, бейбітшілік пен келісім кезеңі болды.

Еліміздің даму жолын бүкіл әлем мойындап, Қазақстандық, яғниНазарбаев моделі деп атады.

Қазір бізге Тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отыр.

Біз бұған Елбасы саясатының сабақтастығын сақтап, жүйелі реформалар жүргізу арқылы қол жеткізе аламыз.

Өздеріңізге белгілі, осының бәрі менің сайлау алдындағы бағдарламама негіз болды.

Қазір мемлекеттік органдар оны жүзеге асыру үшін тиісті жұмыстар жүргізуде.

Мен халыққа берген уәделерімді міндетті түрде орындаймын.

Біз өз жұмысымызда Елбасы ұсынған Бес институционалды реформа мен Ұлт Жоспарын толыққанды жүзеге асыру қажеттігін басты назарда ұстауымыз керек.  

Елбасымыздың бастамасымен құрылған Жаңғырту жөніндегі Ұлттық комиссияның жұмысын қайта жандандыру қажет.

Енді ортақ міндеттерімізді және сайлауалды бағдарламамды іске асыруға қатысты ой-пікірлеріме тоқталайын.


I. ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ТИІМДІМЕМЛЕКЕТ.

Мен уәде еткен саяси жаңғыру үдерісі азаматтарымыз бен мемлекетіміздің мүдделеріне сәйкес,біртіндеп үздіксіз жүзеге асырылатын болады.

Негізсіз, жүйесіз саяси ырықтандыру елдің ішкі саяси ахуалының тұрақсыздығына, тіптімемлекеттіліктен айырылуғаәкеліп соғатынын әлем елдерінің тәжірибесінен көріп отырмыз.

Сондықтан біз саяси реформаларды «асығыстыққа салынбай», керісінше, кезең-кезеңімен, табанды түрде және жан-жақты ойластырып жүзеге асыратын боламыз.

Еліміздіңқоғамдық-саясиөмірін жаңғыртпай, табыстыэкономикалықреформаларды іске асырумүмкін емес. Бұл – біздің ұстанатын басты қағидатымыз.

«Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет».

Біз бұл мақсатқа әлі де жете қойған жоқпыз. Сондықтан осы бағыттағы жұмысқа бар күш-жігерімізді салуымыз қажет. 

Саяси жүйенің бұл формуласы мемлекеттұрақтылығының негізісаналады.

Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын«Халық үніне құлақ асатын мемлекет»тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет.

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады.

Сондықтан азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек. Сондай-ақ, аса маңызды жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет. 

Осы мақсатпен біз белгілі қоғам өкілдерін қамтитынҰлттық қоғамдық сенім кеңесінқұрдық. Бұл кеңес ротациялық тәртіппен жұмыс істейді.

Алдағы уақытта бізге мынадай шараларды жүзеге асыру керек.

Бірінші.Партия құрылысы үдерісін жалғастыру.

Көшбасшымыз және партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасында «Nur Otan» партиясы еліміздің жетекші саяси ұйымына жүктелетін күрделі әрі жауапты міндеттерді дәйекті түрде іске асырып келеді.

Біз қоғам игілігі үшін сындарлы саясат жүргізіп келе жатқан басқа дасаяси партиялармен және қозғалыстарменынтымақтастықта жұмыс істеуіміз қажет.

Қоғамды толғандырып отырған негізгі мәселелер көшеде емес, Парламентте және азаматтық диалог аясында талқыланып, шешімін табуы тиіс.

Депутаттар Үкіметке өзекті мәселелерге қатысты сауалдарын жолдап, нақты шаралар қабылдауды талап ете отырып, өздеріне берілген заңды құқықтарын пайдалануы қажет.

Заң шығарушы және атқарушы билік арасындағы қарым-қатынас жасанды тартысқа емес, іскерлік сипатқа,өзара құрметке негізделуі тиіс.

Мемлекет басшысы ретінде еліміздекөппартиялықты, саяси бәсекелестікті және ой-пікірдің сан алуандығын дамытуғаықпал етуді өз міндетім деп санаймын.

Бұл саяси жүйе тұрақтылығының ұзақ болуы үшін маңызды.

Алдағы Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауы еліміздегі көппартиялық жүйенің дамуына оң ықпал етуі тиіс.

Екінші.Халықпен тиімді кері байланыс орнату.

Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мемлекеттік органдар қызметініңнегізгі басымдықтарысаналады.

Президент Әкімшілігінде азаматтардан келіп түскен өтініштерді мемлекеттік органдардың сапалы қарауын қадағалап, жедел шаралар қабылдайтын бөлім құрылды.

Көп жағдайда азаматтарымыз орталық және жергілікті органдар басшыларының құлықсыздығы мен «бейқамдығына» байланысты Президентке жүгінуге мәжбүр болады.

Белгілі бір саладағы шешімдердің әділетсіздігіне қатысты жолданатын көптеген шағымдар нақты мемлекеттік органда немесе аймақта күрделі түйткілдер бар екенін көрсетеді. Енді бұл мәселеге дәл осы тұрғыдан қарап, тиісті шешімдер қабылдаған жөн.

Мемлекеттік қызметшілер жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында арнайы дайындығы бар жас кадрларды тарту қажет. Сонымен бірге 2020 жылдан бастап бізмемлекеттік қызметшілердің санын біртіндеп қысқартуға кірісіп, үнемделген қаражаттынеғұрлым пайдалы қызметкерлердіынталандыруға жұмсаймыз.

2024 жылға қарай мемлекеттік қызметшілердің және ұлттық компаниялар қызметкерлерінің санын25 пайызғақысқарту қажет.

Үшінші.Митингтер туралы заңнаманы жетілдіру.

Конституцияға сәйкес азаматтарымыздың өз ойын еркін айтуға құқығы бар.

Егер бейбіт акциялар заңның шеңберінен шықпайтын және азаматтарымыздың тыныштығын бұзбайтын болса, бұған түсіністікпен қарап, жиындарды өткізу үшін арнайы орын бөлу қажет. Мұндай орындар қаланың шетінде болмауы тиіс.

Алайда, заңға қайшы және бұзақылық әрекеттерге шақыратын үндеулерге заң шеңберінде тосқауыл қойылады.

Төртінші.Қоғамдық келісімді нығайту.

Әлеуметтік және этникалық топтар арасындағы келісім –бүкіл қоғамның бірлескен еңбегінің нәтижесі.

Осыған орай, саяси үрдістерді саралап,бірлігімізді нығайта түсуүшін нақты шаралар қабылдау керек.

Қазақ халқыныңмемлекет құраушы ұлт ретіндегірөлін бекемдеп, этносаралық татулық пен дінаралық түсіністікті қалыптастыра беруіміз қажет.

Біздің ұстанымымыз:«Ел бірлігі – оның әралуандығында!».

Еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасай береміз.

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп,ұлтаралық қатынас тілінеайналатын кезеңікеледі деп есептеймін.

Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміздаңғаза жасамай,жұмыла жұмысжүргізуіміз керек.

Сондай-ақ, тіл үлкен саясаттың құралы екенін де ұмытпаған жөн.

Белсенді азаматтық қоғам құру үшінүкіметтік емес ұйымдардың беделін арттыруқажет деп санаймын.

Сондықтан, жақын арадаАзаматтық қоғамды дамытудың 2025 жылға дейінгітұжырымдамасынәзірлеп, қабылдауымыз керек.

Келер жылы аталып өтетін маңызды мерейтойлар мен елеулі оқиғаларға дайындық жұмыстары басталды.

Ендігі жылы бәріміз
 Әл-Фарабидің
1 150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175жылдық мерейтойларын атап өтеміз.

Мерейтой барысындаысырапшылдыққа жол бермей, ғұлама тұлғаларымыздың еңбектерін халық арасындадәріптеуіміз керек.

Сондай-ақ, ең маңызды мерекеге –Тәуелсіздіктің 30 жылдығынабайланысты тиісті
 іс-шараларды іске асыруымыз қажет.

Ел өміріндегі осындай елеулі оқиғалар жас ұрпақтынағыз отаншылдыққатәрбиелеуге жол ашады деп сенемін.


II. АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ.

Сот және құқық қорғау жүйесіндегі күрделі реформалар – азаматтарымыздың құқықтарын қорғаудың және олардың қауіпсіздігін күшейтудің негізгі факторы.

Сот шешімдерінің сапасын арттыру үшінбірқатар маңызды шараларды жүзеге асыру қажет.

Судьялардың заңды және ішкі сенімді басшылыққа алып, шешім шығару құқығы мызғымас сипатқа ие.

Дегенмен, сот шешімдерін мұқият талдау жұмысын жолға қойып, бірыңғай сот тәжірибесін орнықтыру қажет.

Азаматтарымыз жария-құқықтық дауларда билік органдарының шешімдері мен әрекеттеріне қатысты шағым түсіру кезінде көп жағдайда теңсіздік ахуалында қалып жатады.

Олардың мүмкіндіктерін мемлекеттік аппараттың ресурстарымен салыстыруға келмейді.

Сондықтан осындай теңсіздіктерді болдырмау мақсатында дауларды шешудің ерекше тетігі ретіндеәкімшілік әділет құрылымыненгізу қажет.

Бұдан былай дауларды шешу барысында сот қосымша айғақтар жинау бастамасын көтеруге құқылы.

Аталғандәлелдемелерді жинақтау міндетіжеке азаматқа немесе бизнеске емес,мемлекеттік органға жүктелетін болады.

Заңнамадағы барлық қарама-қайшылықтар мен дүдәмал тұстаразаматтардың мүдделерін ескере отырып, түсіндірілуі тиіс.

Келесі бір маңызды мәселеге тоқталайын. 

Біз шамадан тыс қудалау шаралары мен сот төрелігінің қатаң жазалау тәжірибесінен бас тарттық. Алайда, елімізде ауыр қылмыстардың саны азаймай тұр.

Біз заңнамамызды ізгілендіру ісіне көбірек мән беріп,азаматтардың негізгі құқықтарынназардан тыс қалдырдық

Жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықжәне басқа да ауыр қылмыстарға, әсіресе, балаларға қатысты қылмыстарға қолданылатын жазаны шұғыл түрде қатайту қажет. Бұл мәселені шешуді Парламентке және Үкіметке тапсырамын.

Соңғы уақытта болған қайғылы оқиғалар ұйымдасқан қылмыстың тағы бір түрі –браконьерлік проблемасыныңбетпердесін ашты.

Бүгінде браконьерлер сақадай-сай жабдықталып, қаруланған және өздерінің жазалана қоймайтынына сенімді. Биылдың өзінде жануарлар әлемін қорғап жүрген екі инспектор браконьерлердің қолынан қаза тапты.

Жақында Шығыс Қазақстан облысындағы Марқакөл көлінде браконьерлердің қылмыстық тобы ұсталды.

Бұл тек бір ғана мысал, алайда браконьерліктің тамыры тереңге жайылған, соның ішінде бұл құқық қорғау органдарының салғырттығынан болып отыр. Браконьерлер ұлттық байлығымыз – табиғатымызға аяусыздықпен орны толмас зиян келтіруде.

Үкіметке екі ай ішінде тиісті заңнаманы қатайту үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырамын.

Сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресумәселесі күн тәртібінен түскен жоқ.

Орталық және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілерінесыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамажүргізу ісін қайта қалпына келтіру қажет.

Бұған сарапшылар мен қоғам өкілдері де атсалысуы тиіс.

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасалғанмекеменің бірінші басшысының жауапкершілігінзаңнамалық және нормативтік тұрғыдан нақты белгілеу керек.

Сондай-ақ,заңсыз және арандатушылық әрекеттерге барғаны үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметкерлерін қатаң жазалау керек. Ондай қызметкерлерге тергеу саласында орын жоқ. 

Кінәсіздік презумпциясы қағидатытолық көлемде сақталуы тиіс.

Құқық қорғау жүйесін толық реформалау– аса маңызды міндеттердің бірі.

Полицияның мемлекеттік күштік құрылымындағы бейнесі бірте-бірте өзгеріп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін азаматтарғақызмет көрсететін органғаайналады.

Ең алдымен, 2020 жылдың аяғына дейінӘкімшілік полиция комитетінің жұмысын қайта ұйымдастыруқажет. Мұны науқаншылдыққа айналдырмай, сапалы жүргізген жөн.

Полицейлер жұмысының тиімділігі полиция қызметініңбеделдіболуына байланысты.

Ішкі істер министрлігін реформалауға алдағы үш жыл ішінде173 миллиард теңгебөлінеді.

Бұл қаражат еңбекақыны көбейтуге, баспананы жалға алуға, халыққа қызмет көрсету қағидаты бойынша полицияның заманауи фронт-офистерін ашуға жұмсалады.

Азаматтардытабиғи құбылыстар ментехногендік сипаттағы апаттардан қорғаумәселесіне баса мән беріледі.

Өкінішке қарай, мұндай апаттар біздің елімізде ғана емес, бүкіл әлемде жиілеп кетті.

Бұл салада кәсіби мамандар жұмыс істеуі керек.

Үкіметкеазаматтық қорғаныс саласы қызметкерлерінің еңбекақысын Ішкі істер органдарын реформалау үшін берілетін қаражат есебінен көбейтудіжәне осы мақсатқа сәйкес шамамен40 миллиард теңгебөлуді тапсырамын.

Біздің алдымызда жаңа тұжырымдама негізіндетегеурінді әскер қалыптастыру міндеті тұр.

Арыста болған оқиғалар Қарулы Күштерде түйткілді мәселелер қордаланып қалғанын көрсетті.

Әскерге жұмсалатын шығыстарды реттеп, осы саладағы қаржы жүйесін және жалпы тәртіпті нығайтатын кез келді.

Сонымен бірге әскери қызметтің беделін арттырып, Қарулы Күштердің материалдық базасын нығайту қажет.

Отанына адал, кәсіби тұрғыдан дайындалған офицерлері мен әскери қызметшілері бар армиямыз жаңа геосаяси жағдайларда ел қауіпсіздігіне қауіп төндіретін қатерлерге тойтарыс беруге дайын болуы керек.


III. ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫҒАН ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИВТІ ЭКОНОМИКА.

Қазақстан экономикасы жаһандық сипаттағы қиындықтарға қарамастан алға ілгерілеп келеді.

Жыл басынан бері оның өсімі орташа әлемдік көрсеткіштен жоғары болды.

Егер қажетті құрылымдық өзгерістерді жүзеге асырсақ, 2025 жылға қарайішкі жалпы өнімнің жыл сайынғы тұрақты өсімін 5 пайызға және одан да жоғары деңгейгежеткізуге болады.

Экономиканың дамуына тың серпін беру үшін Үкімет пен Президент Әкімшілігі отандық және шетелдік сарапшылардың барлық жұмыстарын мұқият саралауы қажет.

Елбасы ұсынған 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясына және Ұлт Жоспарына сәйкес бірқатар құрылымдық міндеттерді іске асыруымыз керек.

Бірінші.Шикізатқа байланған менталитеттен бас тартып,экономиканы әртараптандыру. 

«Білім экономикасы», еңбек өнімділігін арттыру, инновацияны дамыту, жасанды интеллекті жаһандық дамудың негізгі факторларына айналды.

Қосылған : 3.09.2019, 14:30, Өзгертілген : 3.09.2019, 15:35