Экономикалық ынтымақтастық

2012 жылы Қазақстан-фин тауар айналымының көлемі 776,4 млн. АҚШ долл. құрады (экспорт – 526,6 млн.долл., импорт – 249,8 млн. долл.), бұл 2011 жылғы көрсеткіштерден 6,4 %-ға аз.

2013 жылы көлемі 916,5 млн. АҚШ. долл. (экспорт – 669,2 млн.долл., импорт – 247,2 млн. АҚШ. долл.) құрады.

2014 жылы көлемі 1,1561 млрд.долл. құрап (оның ішінде экспорт – 893,6 млн.долл, импорт – 262,5 млн.долл.), 2013 жылдың ұқсас уақытының көрсеткіштерінен 26,1%-ға жоғары болды.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге сәйкес құрылған (1992 г.), Қазақстан-фин Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия (ҮАК) екіжақты қатынастарда маңызды рөл атқаруда. Бүгінгі күні Үкіметаралық комиссияның жалпы сегіз отырысы өткізілді (1993 жылғы 16-19 қарашада, 2004 жылғы 27-28 қазанда, 2005 жылғы 27-28 қазанда, 2007 жылғы 28 мамырда, 2008 жылғы 3 қарашада, 2011 жылғы 23 ақпанда, 2012 жылғы 5 қазанда және 2014 жылғы 27 наурызда).

Қосылған : 6.11.2016, 18:50, Өзгертілген : 9.11.2016, 18:03