Шарттық негізі

Дипломатиялық қатынастар орнатылған кезден бастап Қазақстан мен Финляндия арасындағы қарым-қатынастар жедел дамуда. Халықаралық саясаттың негізгі мәселелері бойынша екі елдің ұстанымдары бір-біріне жақын және ұқсас келеді.

1992 жылғы қыркүйекте Финляндия Республикасының Президенті М.Койвисто Қазақстанға келген уақыттан бастап екі елдің басшылығы арасындағы саяси диалог басталды. 2009 жылы наурызда ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Финляндияға Мемлекеттік сапары болып өтті, бұл Скандинавия елінің Қазақстанмен саяси сұхбатты нығайтуға және экономикалық ынтымақтастықты өрістетуге табанды икемділігін көрсетті.

2010 жылғы 1-2 желтоқсанда ФР Президенті Т.Халонен басшылығымен Финляндия делегациясы Астанадағы ЕҚЫҰ Саммитіне қатысты.

2011 жылы ҚР Президенті Н.Назарбаев ФР Президенті Т.Халоненмен екі рет кездесті: Петербург халықаралық экономикалық форум шеңберінде (маусым) және БҰҰ Бас Ассамблея сессияның аясында (қыркүйек).

2012 жылғы 27 наурызда Сеул ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммиті шеңберінде ҚР Президенті Н.Назарбаевтың ФР Президенті С.Ниинистёмен кездесуі өтті.

2012 жылғы 21 мамырда Чикаго қаласындағы НАТО саммиті шеңберінде ҚР Сыртқы істер министрі Е.Қазыхановтың ФР Сыртқы істер министрі Э.Туомиоямен келіссөздері өтті.

2012 жылғы 9-13 қыркүйек кезеңінде ФР Парламенті Қорғаныс және қауіпсіздік комитеті делегациясының Қазақстанға сапары өтті.

2013 жылғы наурыз айында ҚР Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұловтың, Қоршаған ортаны қорғау министрі Н.Қаппаровтың және Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың Финляндияға сапарлары ұйымдастырылған.

2013 жылғы 16-18 сәуір кезеңінде Финляндия Республикасының Президенті С.Ниинистёнің Қазақстанға мемлекеттік сапары өтті.

2013 жылғы 5-6 желтоқсанда Киев қаласында ЕҚЫҰ-ның Сыртқы істер министрлерінің кеңесінде ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың ФР Сыртқы істер министрі Э.Туомиоямен кездесуі өтті.

2014 жылғы 2-6 наурыз кезеңінде Финляндия Республикасы Парламентінің спикері Э.Хейнялуоманың Қазақстанға ресми сапары өтті.

Қосылған : 6.11.2016, 18:50, Өзгертілген : 9.11.2016, 18:04